jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қайын атасы Баян Алагөзовадан кешірім сұрады

17 мамыр, 14:41
1426

Қасиетті Рамазан айы басталған тұста елден кешірім сұрап, әлеуметтік желіде жазба қалдырған Баян Мақсатқызы көптің талқысына түсті. Жұрт продюсердің мойнындағы алқасын жарыса сынап жатқанда, қайын атасы келінінен кешірім сұраған. 

Фото: Instagram

Nur.kz хабарлағандай, Баян Алагөзованың біліп-білмей жасаған күнәлары үшін кешірім сұрап жазған жазбасында көпшілік оның мойнына таққан алқасын сынап тастады. Желі қолданушылары оны христиандар қасиетті санайтын «крестке» теңеген.  Осы орайда келінін жақтап пікір жазған қайын атасы Тұрым Алагөзов оны мақтан тұтатынын жеткізген. Сондай-ақ ел алдында Баяннан кешірім сұраған.

«Қызым, мен сенімен мақтанамын. Христиандық крестті Тәңірдің белгісінен айыра алмағандарды кешір. Еңсеңді тік ұстап, алға қарай жүре бер. Тек Рамазан айында ғана емес, барлық уақытта өзіңді ренжіткен адамдарды кешіре бер. Күнәһар шал, мені де кешір. Мен өз балаларымды қатты жақсы көремін және көзімнің тірісінде оларды қорғап өтем. Сендердің жұрттан ұялатын ешнәрселерің жоқ. Алла басқаларға сендердей жұмыс істеуді жазсын», — деп жазған Тұрым Алагөзов.

17 тамыз, 17:11
Бір тал өрік
17 тамыз, 16:43
"Көзім ашылып, түнектен шыққандаймын"
17 тамыз, 16:36
Доллар "дауылы"
17 тамыз, 16:29
Ана мен бала өлімі асқынып тұр
17 тамыз, 12:08
Бағдарлама берген мүмкіндік
13 тамыз, 15:13
Алыс-беріс пен барыс-келіс жанданатын аймақ
10 тамыз, 15:13
Айжан қалай адасты?
10 тамыз, 11:49
Ақан сері ауылында небәрі 20 үй қалды