jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Фанаттар «Спортинг» футболшыларын ұрып кетті (видео)

16 мамыр, 14:48
25

Шамамен 50 шақты лиссабондық «Спортинг» фанаттары бетперде тағып, капюшон киіп клубтың базасына баса-көктеп кіріп, футболшылар мен бапкерлер штабының өкілдерін ұрып-соққан.

Дереккөз мәліметінше, футболшылар мен бапкерлер киім ауыстыру бөлмесінде болған кезде фанаттар баса көктеп кіріп келген. Олар «Спортинг» бас бапкері Жорже Жезушты балағаттап, Руй Патрисиу, Виллиам Карвалью, Бас Дост, Родриго Батталью мен Йосип Мишичті соққының астына алған. Шабуыл нәтижесінде Досттың басы жарылды.

Фанаттардың мұндай әрекетке не үшін барғаны әзірге белгісіз. «Спортинг» үшінші орын алып, Чемпиондар лигасына өте алмады. 20 мамырда олар Ұлттық кубок финалында өнер көрсетеді. Еске салайық, Еуропа чемпионатының 1/16 финалында «Спортинг» қазақстандық «Астана» командасымен ойнап, 3:1, 3:3 есебімен жеңіске жеткен еді.

 

 

tengrinews.kz

13 шiлде, 14:43
Әлихан Бөкейхановтың ауылы
13 шiлде, 12:52
Журналистикаға оралуды армандадым
13 шiлде, 12:40
Топырақ иісі немесе қарашығында Қарағандысы қалған ұл
06 шiлде, 12:28
Мұқағали бейнесі әлі есімде
06 шiлде, 12:04
Алтын кеседегі көл "жасы"
06 шiлде, 11:52
Болат найза, немесе Тархан Жәнібек туралы не білеміз?
02 шiлде, 11:01
Мыс шаһардың бүгіні мен ертеңі
29 маусым, 11:38
Мойыл терген қыз, мойымай өткен ана