jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Дәрігерлер өрт сөндіру көлігі қаққан әйелдің жағдайын айтты (видео)

16 мамыр 2018, 17:44
122


Алматының денсаулық сақтау басқармасының өкілдері өрт сөндіру көлігі қағып кеткен әйелдің жағдайы туралы айтып берді. 

 Tengrinews.kz хабарлағндай, зардап шегуші 60 жаста екені хабарланып отыр. Дәрігерлердің алдын ала диагнозы: жамбасы сынған және миы шайқалған. Ол №7 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді. «Орташа ауыр жағдайда. Есін біледі. Кеше сынған сүйектерін бекіту операциясы болды. Шогы қайтты. Бүгін түрлі жарақаттар бөліміне шығарылды. 1-2 күнде жамбас сүйегінің қорытынды остеосинтезы жасалады», — дейді басқарма өкілдері. 15 мамырда өрт сөндіру көлігі жол талғамайтын көлікпен қақтығысудан қашып, Саин мен Жұбанов қиылысында әйелді қағып кеткен. Кейін көлік қоршауға соғылды. Оқиға артында келе жатқан көліктің видеотіркеу құрылғысына түсіп қалған.

08 ақпан, 16:29
Мұрнына өлең иісі бармайтындар да баға береді...
08 ақпан, 16:19
Кезекті дүние, кезбелі дәулет
08 ақпан, 15:53
Лашықтағы өмір
08 ақпан, 15:47
Небәрі 12 ер мұғалім...
04 ақпан, 22:23
Үзіліп түсті бес тал гүл, сабағынан...
01 ақпан, 16:21
Бренд болуы тиіс!
01 ақпан, 16:14
Жансыздар немесе отаршылдардың жымысқы тәсілі жөнінде
01 ақпан, 16:04
Жұмабай Шаштайұлы: Адам жанын ақша арбады