jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

20 мың евромен «Алматы-Баку» ұшағында ұсталды

16 мамыр, 12:17
40

Алматы әуежайында «Алматы-Баку» бағытындағы рейстің жолаушыларының бірінен декларацияланбаған ақша табылды. Ер адам 7,5 млн теңгемен шекара аспақ болған.
ҚазАқпарат хабарлағандай, қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Жетісу» кедендік бекетіндегі тінту кезінде «Алматы — Баку» рейсінің жолаушысынан 20 мың евро, яғни 7,5 млн теңге табылды. Жолаушы бұл қаражатты, декларацияламаған. «Мұндай құқықбұзушылықпен күрес белсенді жүргізіледі. Жыл басынан бері 17 дерек тіркелді. Жолаушылар ЕАЭО шекарасын 247 800 доллармен, 17 500 евромен, 34 400 қытай юанімен, 276 000 теңгемен аспақ болған», — деді департаменттен. ҚР заңнамасына сәйкес Қазақстан азаматтары 10 мың АҚШ долларынан аспайтын соманы тіркемей шыға алады. Егер ақша сомасы 10 мың доллардан асатын болса, оны кедендік декларациядан өткізу шарт.

14 қыркүйек, 17:06
Құжат мақұлданды
14 қыркүйек, 16:54
Ертегіші қыз
14 қыркүйек, 16:46
Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілінің жаңа белесі
31 тамыз, 12:05
Түйткілді дипломатиялық жолмен шешу керек
24 тамыз, 12:21
Ұлы тұлғалармен сұхбат
24 тамыз, 12:03
Қаңғыбас бала қайдан шығады?
24 тамыз, 11:56
Баукеспе
24 тамыз, 11:45
Тағдырмен тайталас