jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Әзімбай Ғали, саясаттанушы:

20 сәуiр 2018, 12:25
562

Жалпы Ресейдің ресми бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстанға тиіскенін осы уақытқа дейін естімеппін. Осы жолы тележүргізуші В.Соловьев қисынсыз дүниелерді айтты. Мұны «жұмсақ қысым» дейді. Ол өз сөзінде Қазақстан мен АҚШ-тың қарым-қатынасын сынады. Ол сонда Қазақстанның тәуелсіз, көпвекторлы саясат ұстанатынын білмей ме? Әрине, біледі. Жалпы біздің мемлекеттің Ресейден де басқа, мысалы, АҚШ-пен шешетін өзара мәселесі бар. «Владимир Соловьевпен жексенбілік кеш» бағдарламасына келген қонақтар да «Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шфарт ұйымына мүше болғандықтан, ол елдің президентімен АҚШ байланыспас бұрын рұқсат сұрауы керек еді» деген пікір білдірді. «Орыс тілінің Қазақстандағы қолданысы төмендеп келе жатыр» деп байбалам салды. Бұл, біріншіден, біздің ішкі мәселеміз. Оның үстіне орыс тіліне бізде ешқашан шектеу қойылмаған. Керісінше, біздегі қазақтар орыс тілін орыстардан жақсы біледі. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде «Қазақстан Ресейді қолдамады» деген пікірді де естідік. Ол – еліміздің өз саясаты, өз ұстанымы. Оның дұрыс, не бұрыс болуы да мүмкін. Егеменді ел, дербес субьект. Әрдайым өз мүддесіне сәйкес әрекет жасайды. Бұл әңгіме Ресей саясаттанушыларының, идеологтарының өз арасында талқыланса бір жөн. Олар Ресей телеарналары біздің елімізде көрсетілетінін ұмытып кетсе керек. Қазақтың 90 пайызы орыс тілін біледі. Осы тұста біздің мемлекеттік телеарналар да студияға сарапшыларды шақырып, мәселені талқылау керек еді. Алайда үнсіз. «Жұмсақ қысымға» өте сауатты жауап берілуі тиіс. Ал сыртқы істер министрлігі мен ақпарат және коммуникация министрінің бұл мәселеге қатысты жауап бергені қуантты.

14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!
07 маусым, 12:46
Бұл не деген батпан құйрық?..
07 маусым, 12:39
Жусандай жұғымды болса екен!
31 мамыр, 16:14
Киік - қырғын қайталанбасын дейік...
31 мамыр, 16:08
Ажырасудың себебі - ақша
31 мамыр, 15:48
Алып елдің бір бөлшегі
31 мамыр, 15:36
Жүз алпыс сегіздің жұмбағы