jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Адам қағып, оқиға орнынан бой тасалаған жүргізуші ұсталды

16 сәуiр, 18:04
25

Алматы облысының полициясы адам қағып, оқиға орнынан бой тасалаған көлік жүргізушісін анықтады. Аталған жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған адам қаза болған еді.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, жол-көлік оқиғасы 14 сәуірде «Алматы-Бішкек» тас жолында болды. Көлік соққысынан 32 жастағы Өзбекстан азаматы қаза болған еді. Оқиға орнынан жалтарған автокөлік пен оның жүргізушісін анықтауға патрульдік қызмет пен облыстық жедел іздестіру бөлімі жұмылды. «Оқиға орнынан автокөлік бояуы, бампері мен шамының сынықтары табылып, оның «Mercedes-Benz Viano» көлігіне сәйкестігі анықталды. Бұдан соң, жедел іздестіру шарасы барысында Жамбыл ауданындағы көліктің иесі де анықталды. Күдіктінің тұрғылықты жерін тексергенде дәл сондай сынықтары бар автокөлік табылды, соған орай жүргізуші сол арада ұсталып, полицияға жеткізілді», — деді Алматы облысы ІІД Жергілікті полиция қызметі Іздестіру бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ерлан Кәрібаев. Оның айтуынша, қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптамалар берілген. Ұсталған күдіктінің көлігі арнайы тұраққа қойылды. Айта кетерлігі, жыл басынан бері өңірде жаяу жүргіншілерді қағып өлтіріп, оқиға орнынан бой тасалаған 8 факті тіркелген. Оның 7-еуіне қатысты полиция күдіктілерді анықтап, оларды заң алдында жауапқа тартқан.

ҚазАқпарат

14 қыркүйек, 17:06
Құжат мақұлданды
14 қыркүйек, 16:54
Ертегіші қыз
14 қыркүйек, 16:46
Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілінің жаңа белесі
31 тамыз, 12:05
Түйткілді дипломатиялық жолмен шешу керек
24 тамыз, 12:21
Ұлы тұлғалармен сұхбат
24 тамыз, 12:03
Қаңғыбас бала қайдан шығады?
24 тамыз, 11:56
Баукеспе
24 тамыз, 11:45
Тағдырмен тайталас