jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қарағандыда Төреғалидың концертіне қарсы шықты

13 наурыз, 17:27
59

Төреғалидің 21 наурызға жоспарланған Қарағандыдағы концертіне жергілікті тұрғындар қарсы шықты. Атышулы әнші дәл сол күні «Қатемді кешіріңдер» деп аталатын жаңа ән кешін өткізуді жоспарлаған.  Бұл туралы қарағандылық тұрғынның бірі Салтанат Кеңесбекова-Смағұлова өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
Nur.kz  хабарлағандай,  Төреғалидің Қарағандыда концертін беретінін естіген жұрт жергілікті тұрғындарды оның концертіне бармауға  шақырды. «Ақысына кешірім сұрағандар. Шын жүрегімен кешірім сұрағанның сыйлығы болар еді. Қара пиармен қалта қағып үйренгесін, қайтесің?», — деп жазған желіге Салтанат.
Оның бұл пікіріне қосылған желідегі қолданушылар оны қолдап, Төреғали халыққа тегін концерт беріп барып, кешірім сұрау керек деген пікірде.»Қарағанды жастары сол күні жиналмақ екен. Халықтан кешірім өтінген екен, ақысыз концерт беру керек деп. Мен олардың осы пікірін қолдаймын. Өр, жасындай жарқыраған ұрпақ тәрбиелеп жатыр екенбіз. Төреғали сияқты пиарщиктерді төрге оздырмау керек деп отырмыз», «О, дұрыс, келіспесе қуып жіберу керек», «Кешірімді әуелі Павлодардан бастап сұрасын. Не, Қарағанды көрінген фанерщик аузын жыбырлатып концерт қоя беретін проходной двор ма? Бұл іспен облыстық Мәдениет басқармасы айналыссын! Дулат Аманжол, Қарағандыны кім көрінген концерт қоятын помойка қылғанды тоқтату керек! Бұл не сұмдық? Ұйымдастырушылар жазалансын! Қарағанды жастарының бұл бастамасын қолдаймыз», — деп жарыса жазған желі қолданушылары.

25 мамыр, 11:59
Қазақ қыздарына қайран қалмаймын
18 мамыр, 12:37
Ашаршылық ақтаңдақтары
18 мамыр, 12:20
Банк борышкердің құқығын ескермейді
11 мамыр, 11:35
Тағылымды тауарих
11 мамыр, 11:25
Шүкір, банкке қарызбын!
11 мамыр, 11:18
Қазақтың қайсар Қасымы
05 мамыр, 11:20
Соңғы "жорық"
04 мамыр, 14:50
Медиа форум - жаһандық пікірталас алаңы