jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Аягөзде тасқыннан іргетасы үгітілген үйлер құлап жатыр

13 наурыз, 21:48
41

Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз ауданында тосыннан келген топан судың арыны басылды. Қазір су шайған алты көшедегі апат салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал қауіпсіз аймаққа көшірілген 300 адамнын 260-ы өз баспаналарына қайта оралды. Әйтсе де, қабырғалары дым тартқан кейбір, үйлер шыдас бермей құлай бастаған. Алайда нақты қанша отбасының баспанасыз қалғаны әзірге белгісіз. Бұл туралы КТК телеарнасына сілтеме жасап jasqazaq.kz хабарлады.

Бас-аяғы 15 минуттың ішіде қарқыны қатты тасқын 100-ден аса баспананы шайып өтті. Үрейі ұшқан жұрт, жан сақтау үшін жылдар бойы жинаған дүние- мүлкін тастай сала қашуға мәжбүр болған. Қазір сары балшықтан тұрғызылған кейбір үйлердің қабырғасы қақырап, төбесі опырылып жатыр. Ал арнайы комиссия құлаған баспаналардың саны мен жалпы шығын мөлшерін әлі де анықтауда. -Міне, құлап жатыр. Әзірге, топан судан зардап шеккендердің нақты саны белгісіз болып отыр. Алайда мұндай отбасыларға қолдау көрсету үшін жедел штаб құрылған. Олар, жұрттан жиналған қаражатқа, жылы киім және отын- су жеткізіп беріп жатыр. Әйтсе де, дүние-мүлкі жарамсыз күйге түскен қарашаға мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетілетіні де беймәлім. Бірақ үкімет өкілдері арнайы комиссияның қорытындысын күтіп отырғанын жеткізді. Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер вице-министрі: -Қазір Шығыс Қазақстан облысында жағдай тұрақталды. Аягөз ауданында тасыған су тоқтаған. Негізі, өзеннің тасуына бір күнде қардың екі айлық мөлшерден көп түсуімен қатар жаңбыр да себеп болды. Енді Балқаш көлінің деңгейін қадағалап отырмыз. Аягөз ауданындағы топан судың арыны басылғанымен, алдағы тәуліктерде күн жылынып, қар аралас жаңбыр жауады. Сондықтан, көптеген өзендерде әлі де су деңгейі көтерілуі мүмкін. Енді төтеншеліктер жұртқа тасқыннан сақ болуды ескертті.

19 қазан, 11:35
Мұрат ақын және Ноғайлы жырлары
12 қазан, 12:14
Тренинг немесе мен қалай оқуымды бітіре алмадым?
12 қазан, 12:08
Желідегі маркетинг шаң қаптырмасын
08 қазан, 14:52
Арқа (әңгіме)
28 қыркүйек, 12:39
Таңдаулы оқулықтар ғана аударылады
28 қыркүйек, 12:14
Ең басты мәселе – өңірлік және жаһандық қауіпсіздік
24 қыркүйек, 11:25
«Тозақ отынан» оралған әйел
21 қыркүйек, 11:17
"Чайка" жігіттер