jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Бұл не деген заман боп тұр, Мейрамбек, Ыңыранғаны Шәмші боп (видео)

01 наурыз, 14:55
2209

 Мейрамбекке аманат арқалатып отырып, біздің толқынның арқасын шымырлатқан шындықтың шыңылтыр аязы — қабырғамыздың да астын кеулеп, қарып түспесе де қауып өткендей болды. Өтпелі кезең – дейтін тарихтың тар қолтық кезеңінде келе жатқан толқын — толқымай, айнымай, ауытқымай тұрмайды. Біздің толқын — осы аласапыранның бел ортасында жүргендер. Заманына сай құбылғаны бар, нарықтың мінезіне қарай өзгергені бар… Әркім өз қара басын ойлап кеткен қайырымсыздау уақыттардың құшағында тұншыққаннан ба екен? Өзімшілдік те жоқ емес.

«Жетім қозы – тасбауыр, түңілер де отығар..» Иә, біз осындай қоғамның қойыртпағынан қорғасындай балқып шыға алдық па? Жоқ па? Бір білетінім, Тәуелсіздікпен бірге Алматыға келіп, ақар-шақар алмағайып уақыттардың ауыр жүгін сезініп, арқамыз жыртылса да алқам-салқам боп жүруді намыс көрдік. Намысқа булығып өскен адамның ішінде қыжылы болады. Қыжылымызды жасыра алмай әнге қостық, жырға қостық, сөз сапырсақ, сорпа-суы қылдық. Әрине, бәріміз емес, өйткені, өткінші-өліара кезең өгіздей өкіріп өткенше, талай-талай тас маңдайларды тастанды баладай топ-тобымен топырлатып, заман-шіркін, домалатып тастап жатты. Соның нәтижесінде, бізде бәрі бар еді. Бәрі бар дегенім – ақылды да қу да алаяқ та аларман да өлермен де, саудагер-алып-сатар да бұқа-көз бұзық та бомж, бич, жалшы да тіпті, бізде Сайн мен Сейфуллин көшелері де болды ғой… Кейде, кінәліні іздесең, ақталғандай боласың. Ақталайын десең, мынау сенің заманың – дейді. Иә, амал жоқ, менің заманым!..
Қали ағамның бір толқынның маңдайынан ұрып, таңдайынан көтергендей ащылау назына орай жазылған жауап-уәжімді «Жас қазақ» газетіне арнайы жіберіп отырмын.

20 сәуiр, 12:38
Салқыны санкцияның басылмай тұр
20 сәуiр, 12:06
М.Жүнісова: Нота ұрлап, әуен құрап, ән жазатындар бар
20 сәуiр, 11:58
Артқы аяқ пен алдыңғы аятың бар екенін білдік
20 сәуiр, 11:53
Сүф-сүф, субсидия!
30 наурыз, 12:30
Әсет Иманғалиға қару кезенген кім?
30 наурыз, 12:15
Сайқымазаққа сыйынатындар тұлғаңа түкіреді
17 наурыз, 12:00
Кәрі солдат
17 наурыз, 11:30
Қаламы – қылыш, қағазы – қалқан