jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Алматы облысында екі оқушы жоғалып кетті

19 ақпан, 15:42
73

Алматы облысында полицейлер із-түзсіз жоғалып кеткен екі мектеп оқушысын іздестіруде. Облыстық ІІД мәліметінше, 16 жастағы Александра Плигина сегізінші қаңтардан, 17 жастағы Нұрбек Сейітхан желтоқсанның орта тұсынан бері табылмай жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Ведомство берген мәліметтерге сүйенсек, сегізінші қаңтар күні Талғар ауданының Ақтас ауылында 16 жастағы қыз үйінен шығып, қайта оралмаған.

Александра Плигина есімді оқушы қанық көк түсті бас киім мен сырт киім, көк джинсы, сұр түсті спорттық аяқ киімде болған.

Ал 2017 жылғы желтоқсан айының орта тұсында Талдықорғанда 17 жастағы Нұрбек Сейітхан жоғалып кетеді. Сол уақыттан бері жасөспірімнен еш хабар болмаған.

Нұрбек қанық көк түсті сырт киім мен қара түсті бас киім, қара шалбар және қыстық аяқ киім киген. Бойы 160-165 сантиметр. Шаштары мен көздері қара түсті.

Егер осы жасөспірімдерден қандай да бір хабарыңыз болса, төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласуыңызды өтінеміз.

Талғар АІІБ: 8-727-295-61-05, 8-72774-2-10-61 немесе «102»

Талдықорған ҚІІБ: 8-7282-608067 (68)

Алматы облыстық ІІД: 8-7282-608233

14 желтоқсан, 11:54
Жадымыздасың, Желтоқсан!
07 желтоқсан, 13:04
Ыдырыс Мұстамбайұлы
07 желтоқсан, 12:58
Кебенекті біліесіз бе?
07 желтоқсан, 12:54
Әзірге ұсыныс
07 желтоқсан, 11:39
Дуа мен дауа немесе Айтолқынның айласы
30 қараша, 12:29
Құзорда - Баласағұн
30 қараша, 12:22
Шанақтан шыққан шатақ
29 қараша, 15:06
Bitcoin құнсызданып барады