jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қанша қазақ елден кетті?

14 ақпан, 14:31
93

2017 жылы елімізден 37 707 адам көшіп кеткен, оның ішінде 35 680 адам – Қазақстан азаматтары. Олардың көбісі көрші Ресейге кеткен — 32 875 адам, ал қалған 2 960-ы Германияға, 288-і Беларусияға, 284-і АҚШ-қа болса, 127-сі Израильге қоныс аударған. Бұл туралы ratel.kz хабарлады.

Елден кеткендерді ұлтына қарай саралап алғанда, 1447-і қазақтар, оның 1046-сы ТМД елдеріне кеткен, ал 401 адам өзге мемлекеттерге. Бұл туралы Статистика комитет өкілінің Ratel.kz тілшісіне берген жауабында айтылған.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 27 242 орыс ұлтының өкілдері Қазақстаннан кетсе, Ресейден 3 333 адам көшіп келген. Сонымен қатар, 2487 украин елден кетсе, 392 украиндық Қазақстанға келген. Елге оралған қазақтар саны — 9432 адам.

Жалпы 2017 жылы Қазақстанға оралғандар саны 16 081 адам. ТМД елдерінен 11 596, қалғаны басқа елдерде. Оның ішінде: Өзбекстаннан – 5196 адам, Ресейден – 4383 адам, Қытайдан – 3204 адам.

2017 жылдың басынан бері 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан халқы 238 864 адамға көбейген. 2017 жылы Астанаға 35 мың адам көшіп келсе, Алматыға 30 мың адам қоныс аударған.

18 мамыр, 12:37
Ашаршылық ақтаңдақтары
18 мамыр, 12:20
Банк борышкердің құқығын ескермейді
11 мамыр, 11:35
Тағылымды тауарих
11 мамыр, 11:25
Шүкір, банкке қарызбын!
11 мамыр, 11:18
Қазақтың қайсар Қасымы
05 мамыр, 11:20
Соңғы "жорық"
04 мамыр, 14:50
Медиа форум - жаһандық пікірталас алаңы
04 мамыр, 14:30
М.Шибұтов: Ешбір қисынға келмейді