Қайыршының қалтасынан қыруар ақша шықты

14 ақпан в 11:22 160 рет оқылды

Швециядағы Уппсала қаласының полицейлері жақында өзгеше қайыршыны қолға түсірді, деп хабарлайды The Times.

«Жолға жетпей тұр» деген сыңайда көшедегі халықтан қайыр сұраған оның «тіленшілік әдісі» күдік тудырған. Егер көшедегі адамдар сұрағанын беруден бас тартса, ол қала тұрғындарына мінез көрсетіп қорқыта бастаған. Жергілікті полиция бөлімшесі басшысының айтуынша, ұсталған күдіктіні тінту барысында оның қойны-қонышынан бума-бума банкноттар төгілген. «Ішкі қалталары толы ақша, қайыршының қалтасынан шыққан осыншама көп бакноттармен бірінші рет кездесіп тұрмын»,-деді Яле Полияревиус. Ұсталған «қайыршының» қалтасынан жалпы сомасы 6 млн крон (750 мың АҚШ доллары) шықты. Ол қала тұрғындарынан ақша бопсалады деген айыппен қамауға алынды.

ҚазАқпарат

+7 705 717 9113

Жаңалықтар