jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Кек қайтару үшін ПСЖ-ға 6 млн теңге тікті

14 ақпан, 18:08
384

Астаналық азамат ПСЖ-ның Реалға қарсы матчына алты миллион теңге тігіп, досы үшін кек қайтармақшы деп хабарлайды NUR.KZ.

«Менің досым бес жасынан бастап Ювентустың жанкүйері. 26 жыл өткен соң оның командасы былтырғы жылы бірінші орын алған Реалмен чемпиондар лигасында финалға шыққан еді.

Чемпиондар лигасы пайда болғалы бері онда қатарынан екі жыл бір команда жеңбейтінін барлығы біледі. Сондықтан менің досым пәтерін кепілге қойып, барлық ақшасын Ювентус жеңісіне тігіп, ұтылып қалды.

Осы жолы мен досым үшін кек аламын. Себебі Реал Ювентусты әділетсіз жеңіп кетті. Бүгін оларға сабақ болатындай ойын болады», — дейді Айдын Түсіпов.

Айдын Түсіпов бүгінгі ойынға ішкі сеніміне ғана сүйеніп ақша тігіп отырғанын айтады. Сондай-ақ ол өзі мініп жүрген жалғыз автокөлігін кепілге қойыпты.

Еске салсақ, Париж Сент Жермен — Реал Мадрид матчы бүгін түнде, Астана уақыты бойынша 00:45-те болады.

14 желтоқсан, 11:54
Жадымыздасың, Желтоқсан!
07 желтоқсан, 13:04
Ыдырыс Мұстамбайұлы
07 желтоқсан, 12:58
Кебенекті біліесіз бе?
07 желтоқсан, 12:54
Әзірге ұсыныс
07 желтоқсан, 11:39
Дуа мен дауа немесе Айтолқынның айласы
30 қараша, 12:29
Құзорда - Баласағұн
30 қараша, 12:22
Шанақтан шыққан шатақ
29 қараша, 15:06
Bitcoin құнсызданып барады