jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ит жеген адам сотталып кетті

14 ақпан, 17:52
126

Өскемен тұрғыны саяжай кооперативіндегі күзетшінің итін ұрлап кетіп, жеп қойғаны үшін сотталып кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Өткен жылдың желтоқсан айында күзетшінің иті жоғалып кетеді. Бірнеше күн өткен соң ол үй жануарының қалдық сүйектерін жақын маңдағы үй жанынан тауып алады.

Осыдан кейін үй тұрғыны овчарканы шынында өзі жеп қойғанын мойындаған. Күзетші оған иттің өтемі ретінде 30 мың теңге төлеуді талап еткен. Алайда ақшаны бермей қойған соң, тәртіп сақшыларына хабар беріпті.

Азамат сот отырысында өзінің кінәсін толық мойындады.

«Азаматтың кінәсі тек өзінің мойындауымен ғана нақтыланған жоқ. Оған қоса күдіктінің үйінің ауласынан қоңыр түсті иттің сүйектері мен бас сүйегі табылды.

Сот айыпталушыны ҚР Қылмыстық кодексінің «Ұрлық» бабы бойынша кінәлі деп тапты», — дейді №2 Өскемен соты қызметкерлері.

Азаматқа екі жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

14 желтоқсан, 11:54
Жадымыздасың, Желтоқсан!
07 желтоқсан, 13:04
Ыдырыс Мұстамбайұлы
07 желтоқсан, 12:58
Кебенекті біліесіз бе?
07 желтоқсан, 12:54
Әзірге ұсыныс
07 желтоқсан, 11:39
Дуа мен дауа немесе Айтолқынның айласы
30 қараша, 12:29
Құзорда - Баласағұн
30 қараша, 12:22
Шанақтан шыққан шатақ
29 қараша, 15:06
Bitcoin құнсызданып барады