jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ешкі бір көзді лақ төлдеді (видео)

14 ақпан, 15:49
53

Малайзияның Сабах штатында ешкі бір көзді лақ төлдеді. Ерекше жануар туралы The Mirror басылымы жазды. 

Вaq.kz  хабарлағандай,  ешкі 11 ақпанда лақтады. Оның иесі Аванга Росли Мат Таибаның (Awang Rosli Mat Taib) айтуынша, бүкіл ауыл бір көзді лақты көруге келген. Оған Туэ Джабан (Tuah Jabang) деген ат қойылды.

Иесі лақты ветеринарға көрсеткен. Олар жануардың бір көзі жоқ болса да, жағдайы жақсы деген қорытынды шығарды. Дегенмен, Аванга Росли лақты түтікше арқылы қоректендіріп отыр. Себебі оның аузы кішкентай. Өз енесін еме алмайды.  Туэ Джабан мутациясы циклопия деп аталады. Мұндай жағдай 16 мың жануардың бірінде кездеседі. Бірақ мутацияға шалдыққан жануарлар ұзақ өмір сүрмейді.

 

 

 

13 шiлде, 14:43
Әлихан Бөкейхановтың ауылы
13 шiлде, 12:52
Журналистикаға оралуды армандадым
13 шiлде, 12:40
Топырақ иісі немесе қарашығында Қарағандысы қалған ұл
06 шiлде, 12:28
Мұқағали бейнесі әлі есімде
06 шiлде, 12:04
Алтын кеседегі көл "жасы"
06 шiлде, 11:52
Болат найза, немесе Тархан Жәнібек туралы не білеміз?
02 шiлде, 11:01
Мыс шаһардың бүгіні мен ертеңі
29 маусым, 11:38
Мойыл терген қыз, мойымай өткен ана