jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Димаш: Жарыста ішкен суыма ұйықтататын дәрі салып жіберді

14 ақпан, 12:53
529

Музыканы сөз еткенде біз осы күнге дейін қараңғыда қисық айнаға қарап келдік. Ал Димаш сол қараңғыда қолымызда аяқ-асты пайда болған жарық іспетті деп түріктің BAYAN YANI журналындағы Димаш хақындағы мақалада айтылады.

Адам мүмкіндігінен тыс техниканы игерген бір-ақ адам бар. Ол Қазақстанда.

«7 аспапта ойнайтын, дауыс диапазоны 6 октованы оп-оңай алатын 23 жастағы жігіт әлемдегі осы күнге дейін мойындалған және мойындалмаған барлық әншіні шаң қаптырды. Дауысы таза әрі әуезді, кеуде тұсындағы дауыс диапозоны “жер мен көк„ шекті, сондықтан да ол төменгі нотадан жоғары нотаға еш қиындықсыз өте беретін қасиетке ие. Ол қажет десеңіз бірден екі октаваға секіріп жоғары алып, одан бірден құлдилап үш октаваға түсе салады. Ғажап!», – делінген мақалада.

Вокал өнерінде үш техника бар екен: қарапайым техника, супер-техника және адам мүмкіндігінен тыс техника. Міне, Димаштікі — адам мүмкіндігінен тыс техника екен. Димаштан басқа ондай әнші жоқ әлемде.

Қытайдағы поп-музыка корпорациясының басшысы Фу Линнің бағасы екен бұл.

Димаш музыка саласында болмаған жаңа стиль қалыптастырды.

Бұдан бөлек мақалада Димаштың операдан бас тартқаны да сөз болады.

“Ол Астана опера театрының ұсынысынан бас тартқан. Ал бұл театр әлемдегі 5 үздіктің қатарына енеді. Бірақ Димаш эстрадаға да түбегейлі бас қойып кетпеді. Ол неоклассиканы поп-музыкаға, рокты операға қосып, музыкада осыған дейін болмаған жаңа стиль қалыптастырып, айды аспаннан бір-ақ шығарды.

Біз ұзақ уақыт бойына қараңғыда қисық айнаға қарап келдік. Ал Димаш сол қараңғыда адасқан бізге жарық боп келді. Ол ән салғанда әннің өзіне айналып, халыққа шоу-бизнес индустриясы туғызған “идолдардың” ішіндегі ең нағызы боп көрінді.

Димаштікі туа біткен қасиет десек, тағы қателесеміз. Керісінше, ол үздіксіз алған білім мен қалтқысыз еңбектің адамға мүмкін емес нәрсені мүмкін ететінін дәлелдеп берді. Бес жасында пионино ойнап, домбыра тартқан Димаш үздіксіз музыкадан білім алып келген. Оның әке-шешесі өнер адамдары, Қазақстандағы атақты әрі танымал тұлғалар. Атасы да мықты күйші болған. Димаш білім ала жүріп, түрлі сайыстарға қатысып, халықаралық жобаларда да бақ сынаған. Бұл да үлкен мектеп. Бір жобада бақталасы оның суына ұйықтататын дәрі де салып жіберіпті. Бұл туралы Димаштың өзі айтады. “Микрофонды қатты қысып алдым. Бүкіл күшімді осылай жинап, әнді соңына әрең жеткіздім„ — дейді ол. Міне, бұл да сынақ, бұл да сабақ.

365info.kz

17 тамыз, 17:11
Бір тал өрік
17 тамыз, 16:43
"Көзім ашылып, түнектен шыққандаймын"
17 тамыз, 16:36
Доллар "дауылы"
17 тамыз, 16:29
Ана мен бала өлімі асқынып тұр
17 тамыз, 12:08
Бағдарлама берген мүмкіндік
13 тамыз, 15:13
Алыс-беріс пен барыс-келіс жанданатын аймақ
10 тамыз, 15:13
Айжан қалай адасты?
10 тамыз, 11:49
Ақан сері ауылында небәрі 20 үй қалды