jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ан-148 ұшағының апатқа ұшырау себебі анықталды

14 ақпан, 10:25
48

Мәскеу түбінде Ан-148 ұшағының құлау себебі қабылдағыштарда мұз қатып қалуынан ұшу жылдамдығы туралы жалған ақпараттың берілуі болуы мүмкін, деп хабарлады Мемлекетаралық авиациялық комитеттің баспасөз қызметі.

«Тіркелген деректерді бастапқы талдау бойынша, сонымен бірге соған ұқсас бұрын болған жайттарды саралай келе, ұшу кезінде тосын жағдайдың орнығуына ұшқыш индикаторындағы жылдамдықтың қате көрсетілуі себеп болуы мүмкін деп ойлаймыз, ал ол өз кезегінде жылыту жүйесі сөніп, толық қысым қабылдағыштардың қатып қалуына байланысты қате көрінген сияқты», — делінген хабарламада.

Үш толық қысым қабылдағышының өшіп қалу себебін анықтау үшін тергеу комиссиясы борттағы дыбыс магнитофонын зерттеп, экипаждың әрекетін, қабылдағыштармен қалай жұмыс істегенін білуге тырысады, сонымен қатар жылыту жүйесінде болуы мүмкін ақауларды анықтайды.

11 ақпанда Домодедоводан ұшып шыққан «Саратовские авиалинии» компаниясының Ан-148 ұшағы Ор қаласына бет алған еді, алайда екі минут өтер-өтпесте апатқа ұшыраған. Бортта 65 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болған. Бәрі қаза тапты.

sputniknews.kz

17 тамыз, 17:11
Бір тал өрік
17 тамыз, 16:43
"Көзім ашылып, түнектен шыққандаймын"
17 тамыз, 16:36
Доллар "дауылы"
17 тамыз, 16:29
Ана мен бала өлімі асқынып тұр
17 тамыз, 12:08
Бағдарлама берген мүмкіндік
13 тамыз, 15:13
Алыс-беріс пен барыс-келіс жанданатын аймақ
10 тамыз, 15:13
Айжан қалай адасты?
10 тамыз, 11:49
Ақан сері ауылында небәрі 20 үй қалды