jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Үйлену тойына дейін шыдамаған күйеу жігіт қалыңдығын зорлап тастады

13 ақпан, 16:53
977

Бакудің Сураханский ауданында үйлену тойына дейін шыдамаған күйеу жігіт 16 жастағы қызды зорлап тастады. Бұл туралы NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияға зорлық туралы қыздың 40 жастағы анасы хабар берген. Әйелдің сөзіне сенсек, жаңа жыл кешінде үйіне қонаққа келген 1996 жылғы күйеу жігіт оның 2002 жылғы қызын зорлап тастаған.

Ер адам болашақ жарын зорламас бұрын оған психотроптық дәрі берген екен. Салдарынан қылмыстың орын алғаны тек бір жарым айдан кейін белгілі болады.

16 жастағы қыз зорланғаннан кейін жүкті болып қалып, шындықтың беті ашылған. Күйеу жігіт әзірге қамауға алынбады. Полиция тергеу жүргізуде.

14 желтоқсан, 11:54
Жадымыздасың, Желтоқсан!
07 желтоқсан, 13:04
Ыдырыс Мұстамбайұлы
07 желтоқсан, 12:58
Кебенекті біліесіз бе?
07 желтоқсан, 12:54
Әзірге ұсыныс
07 желтоқсан, 11:39
Дуа мен дауа немесе Айтолқынның айласы
30 қараша, 12:29
Құзорда - Баласағұн
30 қараша, 12:22
Шанақтан шыққан шатақ
29 қараша, 15:06
Bitcoin құнсызданып барады