jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Т.Сүлейменов: Мемлекеттiк берешек көлемi қауiпсiз деңгейде

13 ақпан, 10:53
50

Қазiргi таңда мемлекеттiк берешек көлемi қауiпсiз деңгейде. Бұл туралы Үкiмет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрi Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Мемлекеттiк берешектiң деңгейi ерекше бақылауда болуы тиiс. Қазiргi таңда мемлекеттiк берешек деңгейi, яғни, Үкiмет, Ұлттық банк пен жергiлiктi бюджеттердiң жалпы берешегi iшкi жалпы өнiмнiң 26 пайызын құрайды. Бұл қауiпсiз деңгей. 2021 жылға дейiнгi әлеуметтiк-экономикалық даму болжамына сәйкес, берешек көлемi 23,7 пайызға дейiн төмендейдi», — дедi Тимур Сүлейменов.

Министрдiң айтуынша, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екiншi бес жылдығы жүзеге асып жатыр. Биылғы жылдың бiрiншi тоқсанында Инвестициялар және даму министрлiгi және басқа мемлекеттiк органдармен бiрiгiп, өнеркәсiп, жалпы экономика құрылымының өзгерiсiне толық талдау жасау көзделiп отыр.

14 қыркүйек, 17:06
Құжат мақұлданды
14 қыркүйек, 16:54
Ертегіші қыз
14 қыркүйек, 16:46
Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілінің жаңа белесі
31 тамыз, 12:05
Түйткілді дипломатиялық жолмен шешу керек
24 тамыз, 12:21
Ұлы тұлғалармен сұхбат
24 тамыз, 12:03
Қаңғыбас бала қайдан шығады?
24 тамыз, 11:56
Баукеспе
24 тамыз, 11:45
Тағдырмен тайталас