Шымкентте ер адамды көлігімен қоса өртеген күдікті қолға түсті

13 ақпан в 22:36 48 рет оқылды

Шымкент қаласының тұрғынының өліміне қатысты полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде деп хабарлайды ОҚО ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

2018 жылдың 6 ақпанында Түлкібас АІІБ-нің кезекші бөліміне өзен жағасында өртенген автокөліктен белгісіз азаматтың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері мәйіттің 30-35 жас шамасындағы Шымкент қаласының тұрғыны екенін анықтады.

Аталған жайт бойынша «Кісі өлтіру» бабы іс қозғалып, арнайы сараптама да тағайындалды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Алматы қаласының жас тұрғыны анықталып, ұсталды.

Ауыр қылмысқа қатысты тағы бір күдікті азамат іздестірілуде.

nur.kz

+7 705 717 9113

Жаңалықтар