jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Өскемен қаласында SportFEST Kazakhstan жобасының іріктеу кезеңдері өтті

13 ақпан, 16:14
51

Шығыс Қазақстан облысының құрамалары республикалық спартакиаданың іріктеу кезеңдерінен өтті. Жарыстарға Өскемен қаласы мен облыстың 16 ауданынан келген 528 оқушы қатысқан.

Ер балалар арасындағы футзал бойынша Аягөз ауданы үздік атанса, екінші орынға Бородулихин аяқдопшылары қол жеткізді. Қатысушылардың тиянақты дайындалғанын атап өтпесе болмайды, алаңда нағыз қызу тартысты ойын орын алды. Қола жүлде Абай ауданы жігіттерінің еншісінде.

Ал қалалық қыздар өдерін баскетбол ойынынан ерекше көрсете білді. Күміс жүлде Глубоковский ауданында, қола жүлдеге Бородулихиндіктер қол жеткізді.

Әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша Глубоковский ауданы жеңіс тұғырынан көрініп, Бородулихин ауданы екінші орынды місе тұтты. Өскемендік №34 орта мектептің қыздары Өскемендіктерде.

Шахмат нәтижелері: 1 орын – Үмбетов Елжан, Сексенбаева Аружан (Аягөз ауданы), 2 орын – Банников Иван, Сайнулдинова Ботагөз (Өскемен қаласы), 3 орын – Мейрам Моксанбек (Өскемен қаласы), Сейлханова Айгерим (Күршім ауданы).

Тоғызқұмалақ: 1 орын – Жәнібеков Диас (Тарбағатай ауданы), Бахтиярова Ақбала (Үржар ауданы), 2 орын – Жәкенов Әлихан (Үржар ауданы), Айдарова Алина (Аягөз ауданы), 3 орын – Смағұлов Серік (Аягөз ауданы), Жабасова Айнара (Абай ауданы).

Үстел теннисі: 1 орын – Кеңесбеков Тәңірберген (Жарма ауданы), Дүйсембаева Мирель (Көкпекті ауданы), 2 орын – Смиян Станислав (Өскемен қаласы), Белялханова Манлык (Жарма ауданы), 3 орын – Веткомов Егор (Ұлан ауданы), Козенчук Карина (Зырянь ауданы)

Естеріңізге салып өтейік, спартакиаданың іріктеу кезеңдері еліміздің барлық өңірлерінде өткізіледі. SportFEST Kazakhstan тобы алдағы уақытта

Жеңімпаздар 2018 жылдың жазында Балдәурен ойын-сауық кешенінде өтетін ақтық мәреге қатысады.

Іс-шаралар барысындағы суреттер мен толық ақпаратты www.sportfest.kz сайтынан көруге болады.

14 қыркүйек, 17:06
Құжат мақұлданды
14 қыркүйек, 16:54
Ертегіші қыз
14 қыркүйек, 16:46
Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілінің жаңа белесі
31 тамыз, 12:05
Түйткілді дипломатиялық жолмен шешу керек
24 тамыз, 12:21
Ұлы тұлғалармен сұхбат
24 тамыз, 12:03
Қаңғыбас бала қайдан шығады?
24 тамыз, 11:56
Баукеспе
24 тамыз, 11:45
Тағдырмен тайталас