jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Кептелісте түсірілген роликтен соң Kcell мен Beeline антимонополия комитетіне шағымданды

13 ақпан, 17:55
150

Tele2 мен Altel түсірген Алматы көшелеріндегі кептеліс ролигі жарияланған соң, Kcell мен Beeline монополияға қарсы комитетке шағым түсірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Жарнамалық роликте аталмыш мобильді операторлар логотипі жабыстырылған көліктер бос көшеде өте баяу жылжып бара жатады. Соның салдарынан олардың соңынан келе жатқан көліктер кептеліске түседі.

«Kcell» АҚ-ның ресми өкілі Наталья Еськова монополияға қарсы комитетке хат жазып, желіде пайда болған жарнама ел заңнамасына қайшы келмейді ме деген сауал жолдаған.

«Мобайл Телеком-Сервис ЖШС осыған дейін де өздерін жарнамалау үшін ұқсас әрекеттерге барып, әкімшілік жазаға тартылған болатын», — деген Kcell қызметкері видео авторларының өздерін таныту үшін ойлап тапқан жоспарын құптамай отыр.

Beeline брендінің иегері «КаР-Тел» ЖШС аталмыш жарнаманы арандатушылық деп санайды7 Сондықтан оған жауап беруді ойламайды екен деп жазады Tengrinews.kz.

«Біз Ішкі істер министрлігіне, телекоммeникация комитеті мен монополияға қарсы комитетке хат дайындап жатырмыз», — дейді Beeline-ның корпоративтік байланыс бойынша директоры Алексей Бендзь.

Сондай-ақ ол Altel мен Tele2-нің интернет жылдамдығы, байланыс сапасы соншалық жақсы деп санамайтынын айтады.

Ал видео авторы, яғни Tele2 мен Altel өкілдері жарнаманың шындыққа толық жанасатынын айтуда. Олар аталмыш дерекке Астана мен Алматы қалаларында тәуелсіз зерттеу жүргізу арқылы көз жеткізген екен. Егер оған қарсылық танытып, заңбұзушылықты байқағандар болса, сот алдында жауап беруге де дайынбыз дейді.

14 қыркүйек, 17:06
Құжат мақұлданды
14 қыркүйек, 16:54
Ертегіші қыз
14 қыркүйек, 16:46
Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілінің жаңа белесі
31 тамыз, 12:05
Түйткілді дипломатиялық жолмен шешу керек
24 тамыз, 12:21
Ұлы тұлғалармен сұхбат
24 тамыз, 12:03
Қаңғыбас бала қайдан шығады?
24 тамыз, 11:56
Баукеспе
24 тамыз, 11:45
Тағдырмен тайталас