jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Бүйрегім бүлк ете түсті

13 ақпан, 15:34
153


Қазір ғана Сызғанов атындағы хирургиялық орталықта жасалған бүйрек ауыстыру (Трансплантация) отасына кіріп шықтым. Медицинаның мүмкіндігінде шек жоқ екен. Көзбен көрген адам ғана түсінсе керек! Жиырма жастағы жігіттің бір бүйрегін сөгіп алғанда, бүйрегім бүлк ете түсті.

Әлгі жұдырықтай жұмыр етті елудегі әйелдің денесіне қондырды. Қылдан жіңішке тамырларды бір-біріне тігуге қандай шеберлік қажет екенін тілмен айтып жіткізе алмайсыз. Отаның қалай жасалғаны туралы «Жас қазақтың» жұма күнгі санынан оқисыздар! Ал мына кісі осы күнге дейін 300 ге жуық бүйрік, 200 -дей бауыр, тағы біраз жүректі көшірген көшпендінің көшелі оташысы — Болат Баймаханов.

Жарас Кемелжан

14 желтоқсан, 11:54
Жадымыздасың, Желтоқсан!
07 желтоқсан, 13:04
Ыдырыс Мұстамбайұлы
07 желтоқсан, 12:58
Кебенекті біліесіз бе?
07 желтоқсан, 12:54
Әзірге ұсыныс
07 желтоқсан, 11:39
Дуа мен дауа немесе Айтолқынның айласы
30 қараша, 12:29
Құзорда - Баласағұн
30 қараша, 12:22
Шанақтан шыққан шатақ
29 қараша, 15:06
Bitcoin құнсызданып барады