jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ақтөбе облысында малы індетке шалдыққан жұрт шу шығарды

13 ақпан, 22:11
28

Жергілікті басшылар жасыруға тырысқан ауру үшін Астанадағы шенділерге араласуға тура келді. Ақтөбе облысындағы бруцеллез дертінің жайылуына қатысты Ауыл шауарышығы министрлігі тексеру жүргізетін болды. Себебі, бірнеше жылдан бері індеттің бетін қайтара алмай отырған мамандардың әрекетіне астанадағылардың да көңіл толмай отыр. Тіпті, ауруға қарсы екпе салып, дизенфекция жүргізуді де жұртқа жөнді түсіндіре алмаған. Салдарынан, Ойыл ауданында жұрттың қорадағы сиырынан індет шығып, енді тиын-тебенге өткізуге мәжбүр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Ал жергілікті шенділер «өлімтік баққан құзғындар» сияқты тек науқан кезінде арзан мал алуға жетіп келеді дейді ашулы халық.

Ақтөбе жұрты екі-үш жылдан бері қорасындағы төрт түлігін түгендей алмай отыр. Ауылдағылар «қаналғыш» атап кеткен ветринарлар ұсақ малдан бастап, мүйізді ірі қарадан жаппай індет тауып әлек. Кесел таратын 22 ошақты жоюға мұндағылардың әлі келер емес. Оны Ауыл шаруашылығы министріндегілер де мойндайды. Сондықтан бруцеллездің бетін қайтара алмай отырған өңірге тексеруге өкілдерін жібермекші.

Тұрсын Қабдылданов, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары:

-Ойыл ауданында екі ошақ тіркелген бруцеллезден. 15 күн сайын тексерілген 390 сынама алынды. Ол жерге мал сауықтырғанға дейін ешқандай қозғалыс болмайды. Ол жерге мал қосылмайды, ешқайда шығарылмайды.

Ал карантинге жабылған Ойыл ауданындағы қос ауылдың тұрғындары дүрлігіп жүр. Бір күнде бруцеллезден мұнда жүзден аса ірі қара етке өткен. Қорадағы малынан айрылғандарды қолдап жатқан ешкім жоқ. Керсінше тұрғындар вирустың табылғанына күмәнмен қарайды. Өйткені, ауру малдың арқасында қазір делдалдардың ісі жүріп тұр. Олармен ветеринарлардың ауыз жаласып отырғанына ауылдағылар сенімді. Ал вирус табылған малдың өзін жұрт алыстағы облыс орталығына тасуға мәжбүр.

Ерсұлтан Максимов, Қаратал ауылының тұрғыны:

-Ойылда соймайды. Ақтөбеге апарады. Оған баратын ақша жоқ. Мұндағы адамның ешкімде табыс жоқ.

-Қаратал ауылының тұрғындары ветеринар мамандарды көрсе қаралай қорқады. Себебі олар қан алған барлық малдан бруцеллез табылған. Енді соның кесерінен мүйізді ірі қараның бәрін арзанған өткізуге мәжбүр.

Сексеннен асқан Сәндіғали қарттың да қорасы қаңырап қалған. Ветеринарлар он үш бас малын мәжбүрлеп, етке өткізуге алып кетіпті. Тіпті, сауынды сиырынан кесел тауып, бұзауынан айырған.

Сәндіғали Мырзағалиев, Қаратал ауылының тұрғыны:

-Малдан мінекей, осы жалғыз бұзау қалды. Оны дүкеннің сүтімен бағып отырмын.

Тұрғындар кеселдің шыққан ошағын дер кезінде жаппай, ауру ауылға тарағанда ғана іске кіріскен мамандарға өкпелі. Ең қызығы олар кәсіпкер-фермерлердің қорасын айналып өтіп, тек қара халықты жағалайды екен. Өйткені, ондай шаруашылықтар әкімдерге немесе ағайын-туысына тиесілі.

Еламан Өтемісов, Қаратал ауылының тұрғыны:

-Карантин болғанда карантин болған жерден жабу керек. Болған жерден жаппай ауылдан жауып тастады. Тапсыратын жерімізге апарғанда арзан алады. Етке өткізейін десек етке өтпей тұр.

Қараталда тек ауыл әкімінің ғана еңсесі тік. Құндыз ішік киген басшы әйелдің қорасына індет жолмаған сияқты. Керсінше, шағым айтқан жерлестерін ауданнан келген атқамінерлермен бірге үйді-үйіне үгіттеп таратпақ болған. Ал Ойылдағы жылы кабинетінен шықпай ауылдағы жағдайға баға берген ауданның тағы бір сылқым әкімі өтемақыны алудың машақы көп екенін ашық айтып отыр.

Бұлбұл Күзембаева, Ойыл ауданының әкімі:

-Малдың бәріне бірдей өтемақы төленбейді. Ауру деген малдың өзі қолдануға жарамды болса, ол иесіне қайтарылады. Әрі қарай иесі қолдана ма, сата ма енді өзі құқы бар.

Қорасындағы бар малынан айрылған жұрт енді немен күн көрерін білмейді. Қолдаудың орнына әкімдіктегілер қорада қалған басқа малды да пышаққа аламыз деп қорқытады екен. Ашулы жұрт болса кімнен көмек сұрарын білмей отыр.

20 сәуiр, 12:38
Салқыны санкцияның басылмай тұр
20 сәуiр, 12:06
М.Жүнісова: Нота ұрлап, әуен құрап, ән жазатындар бар
20 сәуiр, 11:58
Артқы аяқ пен алдыңғы аятың бар екенін білдік
20 сәуiр, 11:53
Сүф-сүф, субсидия!
30 наурыз, 12:30
Әсет Иманғалиға қару кезенген кім?
30 наурыз, 12:15
Сайқымазаққа сыйынатындар тұлғаңа түкіреді
17 наурыз, 12:00
Кәрі солдат
17 наурыз, 11:30
Қаламы – қылыш, қағазы – қалқан