jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Бексұлтан Нұржекеев: Жас жазушыларды оқымаймыз (видео)

12 ақпан 2018, 10:10
584

Жазушы қоғамның қозғаушы күші. Жаман жазушы өзінің ана тілін жақсы біледі, айналасына қазақ тілін нәсихаттап жүретін адам. Кейбіреулер «Қазақстанда 700 жазушы бар екен» — деп көп көреді. Көпсінбеу керек. 900 суретші бар суретшілер одағында.

Соның мен үш-төртеуін ғана білемін. Олармен салыстырғанда, жақсы болсын, жаман болсын, жазушының елге, мемлекетке беріп жатқаны көп. Жас жазушылар дегенде біз өзімізден кейінгі Жүсіпбек Қорғасбек, Ғалым Жайлыбай, Нұрғали Оразды білеміз. Олардың беталысы жаман емес. Ал оның арғы жағындағыларды білмейміз. Білсек те, нашар білеміз. Өйткені, оқымаймыз. Неге? Өйткені, оларды оқып, талдап, жол көрсетіп, ақыл айтып, сын айтып отыратын уақыт жоқ бізде. Оларға сын айтқанша, бір әңгіме жазып тастағаным артық. 77 жасқа келгенде мен отыздағы біреуді оқимын ба, әлде өзім жазамын ба?! Бұрын менің жас кезімде, бізден үлкен – ағабуын жазушылар да бізді оқымаған. Біз де өкпелейтінбіз. Қазір сол кісілерді түсініп отырмын. Жетпіске келіп, өз жанын өзі әрең бағып отырған адам біреуді оқып қайтсін?

08 ақпан, 16:29
Мұрнына өлең иісі бармайтындар да баға береді...
08 ақпан, 16:19
Кезекті дүние, кезбелі дәулет
08 ақпан, 15:53
Лашықтағы өмір
08 ақпан, 15:47
Небәрі 12 ер мұғалім...
04 ақпан, 22:23
Үзіліп түсті бес тал гүл, сабағынан...
01 ақпан, 16:21
Бренд болуы тиіс!
01 ақпан, 16:14
Жансыздар немесе отаршылдардың жымысқы тәсілі жөнінде
01 ақпан, 16:04
Жұмабай Шаштайұлы: Адам жанын ақша арбады