jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Б.Мырзаев: Діндарлық пен радикализмнің аражігін ажырата алмайды

09 ақпан, 12:08
192

Балғабек Мырзаев дін істері және азаматтық қоғам министрлігі дін істері комитеті төрағасының орынбасары

Өткен аптада Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заң жобасының таныстырылымы өткені белгілі.
Сол жиында заң жобасында деструктивті діни ағымдардың таралуына тыйым салу мақсатында «Деструктивті діни ағымдарға қатыстылығын көрсететін сыртқы атрибуттарды, киім-кешекті қоғамдық орындарда пайдалану, кию және таратуға жол берілмейді» деген талаптың (норма) қарастырылып жатқаны туралы айтылды.

Осыдан кейін журналистер қауымы аталған талап тек қауға сақал мен қысқа балақтан тұратындай талқыға салып, оны сан-саққа жорып жатты. Біреулері «сақалдың ұзындығын кім өлшейді» десе, енді біреулері «басқа дін өкілдері де сақал қояды, ол қалай реттеледі» деген сұрақ жаудырып жатыр. Енді біреулері бұл талап мұсылмандарға қарсы бағытталған деп қате ақпарат таратуда.
Басты назар аударатын үш мәселе бар.
Біріншіден, аталған талаптың елімізде ресми тіркелген діни бірлестіктерге және оның қызметкерлеріне ешқандай қатысы болмайды.
Екіншіден, қоғамдық орындарда жүрген сақал қойғандар мен қысқа балақ кигендерді ешкім де қолынан сүйреп, ұстап алып кетпейді. Егер олар қоғамдық тәртіпті бұзбаса, ешкімнің шатағы болмайды.
Үшіншіден, осы белгілеме тек мұсылмандарға қарсы бағытталады деген дұрыс емес.
Себебі деструктивті діни ағымға қатыстылығы тек сыртқы пішімі немесе киімі бойынша ғана анықталмайды. Бұл жерде кешенді шара қарастырылатына назар аударған жөн.
Атап айтқанда, егер адам мемлекет заңын мойындағысы келмесе, өзінің діни көзқарасын алға тартып әскери қызметтен бас тартып жатса, еліміздің мемлекеттік рәмізін (герб, ту, әнұран) құрметтемесе, өзінің ұстанған жолынан басқаларын күпірлікпен айыптаса, діни канонды зайырлы заңнан жоғары қоятын болса, бұлар да деструктивті діни ағымға қатыстылығын айқындайтын белгі болып табылады. Яғни дінге сенушілердің көпшілігінің негізгі мәселесі, олар діндарлық пен радикализмнің арасындағы шекараны ажырата алмайтынында.
Заң қабылданған соң осы деструктивті діни ағымға қатыстылығын айқындайтын белгіге қатысты нормативтік құқықтық акті дін саласындағы білікті сарапшылармен, діни бірлестік өкілімен және танымал қоғам қайраткерлерімен егжей-тегжейлі қаралады. Сонымен қатар нормативтік-құқықтық актінің жобасы дайын болған соң, министрліктің сайтында ресми түрде жарияланып көпшіліктің талқылауына шығарылады. Тиісті ұсыныс пен ескерту, маңызды пікір міндетті түрде ескерілетін болады.
Сыртқы атрибуттарды, киім-кешекті қоса алғанда, деструктивті діни ағымға қатыстылығын айқындайтын белгі нормативтік-құқықтық акті бекітілгенге дейін мұқият електен өтетін болады.
Заң қабылданғаннан кейін, оған тиісті түсіндіру жазылатын болады. Сол түсіндіруде кімнің қалай әрекет ететіні жан-жақты түсіндіріліп жазылатын болады.
Қорыта айтқанда, бұл талап қоғамымызды бөтен ағымдардың жат көзқарасын тықпалауына тосқауыл қою мақсатында енгізіліп отыр деп айта аламыз.

 

 

13 шiлде, 14:43
Әлихан Бөкейхановтың ауылы
13 шiлде, 12:52
Журналистикаға оралуды армандадым
13 шiлде, 12:40
Топырақ иісі немесе қарашығында Қарағандысы қалған ұл
06 шiлде, 12:28
Мұқағали бейнесі әлі есімде
06 шiлде, 12:04
Алтын кеседегі көл "жасы"
06 шiлде, 11:52
Болат найза, немесе Тархан Жәнібек туралы не білеміз?
02 шiлде, 11:01
Мыс шаһардың бүгіні мен ертеңі
29 маусым, 11:38
Мойыл терген қыз, мойымай өткен ана