jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

«Ауырмаймыз» деп ақталды (видео)

22 қантар, 18:12
492

Бұрынғылар қорасындағы төрт түліктің жайы үшін қаңтар мен ақпандағы сақылдаған сары аязды аса қатты ұната қоймайтын. Ақын Абайдың «Кәрі құдаң қыс келіп әлек салды» — деп өлең жазуы содан. Қазір қыстың әлегін шыбын шаққан құрлы көрмейміз. Қайта табиғат ананың осы бір қытымыр шағын сағынамыз. Неге? Өйткені, бұл маусымда қала жағалаған жұрт айнадай жарқыраған айдында коньки тебеді. Шаңғыға барады. Қардан қала салып, кәрі-жас бір жасап қалатын болған. Бәрі қысқы спорт, денсаулық үшін деп аталады.
Соңғы жылдары қар мен мұздан басқа жаңа спорттың түрі пайда болды. Православ дін өкілдерінің дәстүрлі мерекесі шоқыну кезінде, суға түсетін қаракөздердің саны жылдан жылға артып отыр. Шомылған қазақтар былтырғыдан көп. Онысын «Бұл діни рәсім емес, спорт. Деніміз сау, денеміз шымыр болады, тұмау-сырқау тимейді» — деп түсіндіретін көрінеді. Желтоқсаннан басталған ұзақ қыстың басқа күні құрып қалғандай, дәл сол күнді таңдаудың мәнін өздері де түсінбейді. Бірақ бала-шағасы, тайлы-тұяғы қалмай өзенге түсіп, өздерінше шыныққан болады.
Асылы, шоқыну рәсімінің өзіндік діни мәні бар. Мереке күндері ғана су тазарады, оған шомылған адамның барлық күнәсі жуылып, тәні де, жаны да құлан-таза күйге өтеді деп түсінеді. Ал біздің қаракөздер оның мәніне үңілмей, қаңтардың қара суығында қара суға сүңгиді-ау келіп, сүңгиді…
Қайсы күні әлеуметтік желіде таралған бір видеода шомылғандардың бірі «биссимилла», бірі «аллаһуәкбар» айтып өзеннен ойылған суатқа қойып кетіп жатыр. Соны көргенде май жұтқандай күй кешкеніміз анық. Басқа бір халықтың діни мейрамында Алланы ауызға алу естіген құлаққа, шынында ерсі!
Бала-шаға, немере-шөбересімен бірге барып шомылғандардың санында биыл есеп жоқ. «Суға түскенде тұрған не бар?» – деп ақталады. Бүгін әкесі мен атасына барып шомылған бала күні ертең бұл мейрамды дәстүрлі түрде жыл сайын атап өтетін нағыздың өзі болмасына кім кепіл?! Проваслав болып кетпегеннің өзінде санасында саңлау қалады ғой. Ал солар «Иммунитетіміз күшті болады, ауырмаймыз» – деп ақталады. Тұмау-сырқаудан қорқатын сол шіркіндер алдымен тән емес, жанның ауыратынын біле ме екен?! Әй, қайдан?!

 

Сотни столичных жителей приняли участие в крещенских купаниях в Астане. ⠀ Люди начали подходить к центральной набережной Астаны еще с вечера. Но к полуночи главную прорубь столицы буквально заполонили толпы граждан, которые все продолжали приходить, несмотря на 27-градусный мороз. ⠀ В пресс-службе КЧС МВД РК сообщили об отсутствии несчастных случаев, связанных с зимним купанием. Для тех, кто не успел искупаться ночью, купальни по городу будут работать еще в течение завтрашнего дня.

Публикация от TengriNews (@tengrinewskz)

Жарас КЕМЕЛЖАН

18 мамыр, 12:37
Ашаршылық ақтаңдақтары
18 мамыр, 12:20
Банк борышкердің құқығын ескермейді
11 мамыр, 11:35
Тағылымды тауарих
11 мамыр, 11:25
Шүкір, банкке қарызбын!
11 мамыр, 11:18
Қазақтың қайсар Қасымы
05 мамыр, 11:20
Соңғы "жорық"
04 мамыр, 14:50
Медиа форум - жаһандық пікірталас алаңы
04 мамыр, 14:30
М.Шибұтов: Ешбір қисынға келмейді