jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Шетелде жұмыс істейтін қазақ ғалымдары

19 қантар, 16:36
135

Олар алыс елдерге арман қуып кеткен. Олар шет мемлекеттерде жұмыс істеп, қазақты әлемге әйгілеп жүр. Олардың қызметі сырт көзге елеусіз болса да, шын мәніндегі ерен еңбек солардыкі.

Ғылым тереңіне бойлаған қазақтар өркениет көшінен қалыспай, халықаралық ірі мекемелерде үлкен лауазымдарға жеткен. Qamshy.kz ақпарат агенттігі АҚШ пен Еуропада тұратын ғалымдардың бір парасын назарларыңызға ұсынбақ.

Ерлан Ысқақов

Семей өңірінің тумасы Ерлан Ысқақов 26 жасында Санкт-Петербургтегі Аймақаралық экономика және құқық институтының басшысы болып, Ресейдегі ең жас ректор атанған. Ерлан Ысқақов 2007 жылдан бері Алферов қорының атқарушы директоры қызметін қоса атқарып жүр.

Азамат Сәрсембаев

Шетелде жұмыс істейтін қазақ ғалымдарының бірі – Азамат Сәрсембаев. Оқушы кезінде математика пәнінен халықаралық олимпиада жүлдегері атанған, кейін Ұлыбританиядағы Лондон экономикалық мектебіне түскен, АҚШ-тағы Мичиган университетінде білім алған. Азамат Сәрсембаев оқуын бітірген соң Қазақстанға оралды. Бірақ елде көп тұрақтамады. Қазір АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында тұрады.

Мұрат Сапарбаев

Мұрат Сапарбаев – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің түлегі. Франциядағы Густав Рози институтының профессоры. Индустриалды залалдандырғыштардың әсерінен ДНК бұзылудың молекулалық мехазимдерін зерттеу саласында зор табысқа жеткен.

Гүл­жан Молдажанова

Гүл­жан Молдажанова – Ресейдегі «Базовый хол­динг­» мекемесінің бас директоры. 1989 жылы Қазақ мемлекеттік университетін қызыл дипломмен бітірген. Кейін Мәскеуге аспирантураны оқып, 27 жасында ғылым кандидаты атанды. «Forbes» журналының дерегінше, әлемдегі ең беделді 100 әйел тізімінде Гүлжан Молдажанова 37-орында тұр.

Нұршат Нұражыұлы

Нұршат Нұражыұлы ҚХР Іле Қазақ автономиялы облысы Шапшал ауданында дүниеге келген. Бастауыш мектепте оқу үлгерімі үздік болып, 3-сыныпты аттап өткен. 15 жасында Шыңжаң университетіне Химия мамандығы бойынша оқуға қабылданады. Кейін Нью-Йорк қалалық университетінде химия докторлығы бойынша білім алған.

Техас технологиялық университетінде профессорлардың қалауымен жасақталып, жабдықталған «Нұршат Нұражы атындағы ғылыми-зерттеу тәжірибеханасы» бар.

Достай Раманқұлов

Достай Раманқұлов 1960 жылы қасиетті Түркiстан топырағында дүниеге келген. Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық политехникалық университетiн бiтiрген. Мәскеудің жоғары оқу орындарында білімін шыңдаған. 1998 жылдан берi Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік ұйымында жұмыс iстейдi. Осы ұйымда істеп жүріп, адамзат үшін аса маңызды делінген ядролық қауіпсіздікті сақтау жолында білек сыбанып еңбек қылды. 2005 жылы МАГАТЭ атынан марапатқа лайық деп табылған 11 адамның ішінде Достай Раманқұлов та болған. Нобель сыйлығының қазақтан шыққан тұңғыш иегері қазір Венада тұрады.

Қуат Есенов

Қуат Есенов – Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейдің түлегі. Бірнеше жыл бұрын әлемді таңдай қақтырып, Гиннестің рекордтар кітабына енген. Оқушы кезінде екі рет математика пәнінен дүниежүзілік олимпиадада алтын медаль алған. Білімді жігіт небір күрделі математикалық теңдеулердің шешімін оңай тауып, АҚШ оқымыстыларын аузына қаратқан. 2004 жылы АҚШ-тағы Массачусетс технологиялық университетіне қабылданып, PhD академиялық дәрежесімен оқуын тәмамдаған. Қуат Есенов қазір сол университетте ғылыми қызмет атқарады.

Еркін Кітапбаев

Еркін Кітапбаев — Бостон университетінің профессоры. Қазір магистранттарға қаржы курсынан сабақ береді. Сонымен қатар математикалық қаржы саласында зерттеулер жасап, халықаралық журналдарға мақалаларын жариялап тұрады.

Дархан Түйенбаев

Дархан Түйенбаев LIGO коллаборациясында 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 2006 жылы ҚазҰлттық Техникалық Университетін «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы АҚШ-қа барып, Сан-Антонио Техас университетінің PhD докторы дәрежесін иеленген. Дархан Түйенбаев халықаралық LIGO тобының құрамында Эйнштейннің гравитация толқындары туралы болжамын дәлелдеуге қатысты.

 

18 мамыр, 12:37
Ашаршылық ақтаңдақтары
18 мамыр, 12:20
Банк борышкердің құқығын ескермейді
11 мамыр, 11:35
Тағылымды тауарих
11 мамыр, 11:25
Шүкір, банкке қарызбын!
11 мамыр, 11:18
Қазақтың қайсар Қасымы
05 мамыр, 11:20
Соңғы "жорық"
04 мамыр, 14:50
Медиа форум - жаһандық пікірталас алаңы
04 мамыр, 14:30
М.Шибұтов: Ешбір қисынға келмейді