jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

ШҚО-да балалардың гепатитке шалдығуы. Жаңа деректер аталды

17 қантар, 15:29
73

Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы Үржар ауданының Шолпан ауылында 49 балаға «А» вирусты гепатиті жұғып, бір баланың қайтыс болуына қатысты ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірдің ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

«Барлығы 46 бала тексеріліп, соның 25-і тереңдетілген диагностикадан өткізу үшін Үржар аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Тек 12 балада диагноз расталды. Олардың 11-і мектеп оқушысы, ал біреуі үш жаста. Бұл — бүгінгі ресми статистика. 2017 жылдың қыркүйегінен бері ауру түрлі айларда жекелеген фактілер ретінде тіркелген. Науқастардың барлығы білікті медициналық көмек көрсетіліп, жағдайы жақсарған соң ауруханадан шығарылды», — деп мәлім етті басқарма басшысының орынбасары Райфа Сафиоллинова. Бұдан тыс, науқастармен қарым-қатынаста болған балаларға түгел екпе жасалуда. Шолпан ауылында 140 адам вакцинацияланды. Жұқпалы аурудың барлық ошақтарында, мектепте қорытынды дезинфекциялық шаралар жүргізілді. Райфа Сафиоллинованың сөзіне қарағанда, баланың қайтыс болуына басқа ауру себеп болған. «Паталогоанатомиялық сараптама және лабораториялық зерттеулер балада «А» вирусты гепатиттің болмағанын көрсетті. Кішкентай қыздың ауруына бауырдың өткір некрозы, сепсис себеп болған. Сондықтан бауырдың өткір жетіспеушілігі туындаған. Бұл ауру «А» вирусты гепатитімен байланысты емес», — деді Р. Сафиоллинова. Басқармадағылар бүгінгі таңда облыста, соның ішінде Үржар ауданында «А» вирусты гепатитінен қайтыс болу жағдайлары тіркелмегенін айтты.

 

19 қазан, 11:35
Мұрат ақын және Ноғайлы жырлары
12 қазан, 12:14
Тренинг немесе мен қалай оқуымды бітіре алмадым?
12 қазан, 12:08
Желідегі маркетинг шаң қаптырмасын
08 қазан, 14:52
Арқа (әңгіме)
28 қыркүйек, 12:39
Таңдаулы оқулықтар ғана аударылады
28 қыркүйек, 12:14
Ең басты мәселе – өңірлік және жаһандық қауіпсіздік
24 қыркүйек, 11:25
«Тозақ отынан» оралған әйел
21 қыркүйек, 11:17
"Чайка" жігіттер