jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Назарбаевтың АҚШ-қа сапарында 7 млрд доллардың келісімі жасалды

17 қантар, 14:47
78

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа ресми сапары аясында осы елдің бизнес жетекшілерімен кездесті, деп хабарлайды Baq.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар аясында инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастыққа қатысты 7 миллиард доллардың 20-дан астам коммерциялық құжатына қол қойылған. Бұл қаржы авиация және ғарыштық зерттеулер, мұнай химиясы мен ауыл шаруашылығы және инфрақұрылымды дамыту салаларындағы жобаларды іске асыруға бөлінбек.

Сонымен қатар, үкіметаралық үш келісім жасалған. Олар – Мемлекеттік әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсеткені үшін ақы алмау туралы келісім, Қазақстан территориясы арқылы коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету келісімге хаттама және Халықаралық салық дисциплинасын жетілдіру туралы келісім.

Ресми мәлімет бойынша, кездесуде Назарбаев сапар барысында қабылданған екі жақты қарым-қатынасты тұтастай қамтитын кеңейтілген стратегиялық әріптестік туралы бірлескен мәлімдеменің ерекше мәні барын айтты. Ол Қазақстанда мемлекеттің бизнес жүргізуге жағдай жасап жатқанын, республиканың транспорттық және транзит әлеуеті арта түскенін және «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысына қатысушыларға бірқатар жеңілдік жасалып отырғанын айтып, америкалық бизнесмендерді Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асыруға шақырды.

АҚШ іскер топ өкілдері Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екендерін білдірген. Назарбаевтың сөзінше, АҚШ Қазақстан экономикасына салған тікелей инвестиция көлемі жағынан екінші орында тұр. АҚШ Қазақстан тәуелсіздік алған уақыттан бері елге 50 миллиард доллардан астам инвестиция салған. Ал өткен жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 2 миллиард долларға жуықтаған.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Президентінің биылғы 16-18 қаңтарда Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен баратыны туралы хабарлаған болатынбыз. Онда Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездесу өткізеді деп жоспарланды. Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа барған сәтінен видео жариялады. Елбасын Дональд Трамптың өзі қарсы алып, мұны үлкен мәртебеге балады.

Ақ үйде өткен кездесуде Назарбаев Қазақстан мен АҚШ арасында әрдайым екіжақты саяси қарым-қатынас орнағанын айтып өтті. Бұдан кейін Мемлекет басшысы АҚШ-тың іскер топтар өкілдері, АҚШ-тың энергетика министрі және «Шетелдік жеке инвестициялар жөніндегі Корпорация» мемлекеттік агенттігінің президентімен кездесті. Сапар соңында Назарбаев Трамппен жүргізген келіссөздің қорытындысы бойынша БАҚ үшін брифинг өткізді.

19 қазан, 11:35
Мұрат ақын және Ноғайлы жырлары
12 қазан, 12:14
Тренинг немесе мен қалай оқуымды бітіре алмадым?
12 қазан, 12:08
Желідегі маркетинг шаң қаптырмасын
08 қазан, 14:52
Арқа (әңгіме)
28 қыркүйек, 12:39
Таңдаулы оқулықтар ғана аударылады
28 қыркүйек, 12:14
Ең басты мәселе – өңірлік және жаһандық қауіпсіздік
24 қыркүйек, 11:25
«Тозақ отынан» оралған әйел
21 қыркүйек, 11:17
"Чайка" жігіттер