jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қызының қолын сұрап келген жігітті әкесі пышақтап тастады

17 қантар, 16:09
726

Қарағандыда ер адам қызына үйленуге ұсыныс жасап келген жігітті өлтіріп тастаған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Іс қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотта қаралды.

«Айыпкер Тайкеновтің ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша кінәсі толық дәлелденді. Сот үкімімен ол 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Соталушы жазасын қауіпсіздігі ең жоғары қылмыстық-атқару мекемесінде өтейді», — дейді сот өкілдері. Сотталушының өтелмеген қылмыстық жауапкершілігі барын да есепке алды. Сонымен қатар, Такеновтің қылмысын жасыруға қатысты болған Чубаев та екі жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орта деңгейдегі сот-атқару мекемесінде өтейді. Іс материалдары бойынша, Чубаев оқиға орнына Тайкеновтың шақыртуымен келген. Өз өмірі үшін қорыққан ол мүрдені «Қайың тоғайына» апарып тастаған. Еске салайық, оқиға Қарағандының Пришахтинск ауданында болған. Қайтыс болған жігіт қыздың әкесімен ішімдік ішіп отырып, одан қызын тұрмысқа беруін сұраған. Қыздың әкесі ұсынысқа келіспеген соң жігіт оны балағаттап, арты жанжалға ұласқан. Жанжал кезінде ер адам жігітке көптеген пышақ жарақатын салады. Жігіт оқиға орнында көз жұмады. Осыдан кейін сотталушы қылмысын жасыру үшін ұлының досына қоңырау шалып, мүрдені «Қайың тоғайға» апарып тастауды бұйырады.

13 тамыз, 15:13
Алыс-беріс пен барыс-келіс жанданатын аймақ
10 тамыз, 15:13
Айжан қалай адасты?
10 тамыз, 11:49
Ақан сері ауылында небәрі 20 үй қалды
10 тамыз, 11:37
Каспийдегі мәміле
10 тамыз, 11:27
Мұхиттан соққан суық жел
07 тамыз, 16:53
Нұрлан Ермекбаев қорғаныс министрі болып тағайындалды
03 тамыз, 15:15
Қандасқа қамқор
03 тамыз, 15:01
Шеңберден шықпағандар