jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қазақстан мен Америка арасында визасыз тәртіп орнауы мүмкін

17 қантар, 21:22
80

468512796

Қазақстан мен Америка арасында визасыз тәртіп орнауы мүмкін. Құрама Штаттарда ресми сапармен жүрген Нұрсұлтан Назарбаевқа осындай ұсыныс тастады. Өйткені, біздің елде Америка азаматтары виза рәсімдемей-ақ келіп-кетіп жүр. Жалпы тарихи деп баға берілген іссапарда Назарбаев пен Трамп бірден тіл табысып, әлемдік саясаттан бастап, ортақ экономикалық жобаларды талқылап үлгерді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018-ші жылдағы ең алғашқы шетелдік іссапары болса, ал Ақ үй үшін Елбасы осы жылда Вашингтонға ат басын бұрған бірінші президент. Бұған дейін Назарбаев пен Трамп бір рет жолығып, телефонмен тілдескені болмаса, дәл осылай екі елдің алыс-берісі мен барыс келісі кеңінен талқыланған емес. Сондықтан тарихи деп бағаланған бұл кездесуді тараптар ұзақ күтті.

Дональд Трамп әріптесін Ақ үйдің алдына шығып, жеке өзі қарсы алды. Халықаралық протоколдың тілімен айтқанда,бұл үлкен құрмет. Кейін президенттер екі елдің арасындағы алыс беріс пен барыс келісті оңаша отырып талқылады.

Дональд Трамп, Ақш президенті:

-Біз Қазақстанды Орта Азиядағы ең мықты елдердің бірі деп есепейтміз. Сондықтан байланысымыз бұдан әрі де нығаятын болады. АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындаған елдердің бірі екенін айта кеткен дұрыс.

Осындай сөздерден кейін президенттердің әңгімесе жарасып кетті. Әрине ресми Вашингтонның Қазақстанда геосаяси ғана емес, коммерциялық мүддесі де жатыр. Өйткені еліміздің мұнай газ саласында американның алпауыт компаниялары көп.

Нұрсұлтан Назарбаев, азақстан республикасының президенті:

-Бойнг ұшақтарын сатып алу жөнінде келістік. 900 электровоз құрастыру жөнінде уағдаластық.Аграрлық салада да бірігіп жұмыс істеу ойымыз бар. Бастысы визасыз режим орнатуды көздейміз. Екі ел арасында тікелей әуе рейсін ашу жоспарда бар.

Жалпы Америка кәсіпкерлері Қазақстан экономикасына 50 миллиардқа жуық доллар инвестиция құйған. Ал осы ісспар кезінде тағы 7 жарым милилард доллардың келісім шартына қол қойылмақ. Осы жерде Назарбаев Трампқа 5 жыл бұрын жасалған салық реформасын еске салды. Тіпті Трамптың жақында дүниеге келген немересіне құтты болсын айтуды да ұмытқан жоқ.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

-Тоғызыншы немереңіздің дүниеге келгенімен құттықтаймын. Былтыр менде де осындай қуаныш болған. Қазір 10 немерем бар.

Вашингтон мен Астана расында уақыт айырмашылығы 10 сағат екенін ескерсек, келіссөздер қас қарайғанша дейін жалғасып жатыр. Сондай-ақ Трамп пен Назарбаевтың кездесуінде Орталық Азия, Ауғанстан, Солтүстік Корея мен Иранның ядролық қаруына қатысты мәселелер көтерілді. Қазақстан басшысы әріптесіне Орта Азия мен АҚШ арасында жоғарғы деңгейде кездесулер ұйымдастырып тұруға да ұсыныс жасады.

19 қазан, 11:35
Мұрат ақын және Ноғайлы жырлары
12 қазан, 12:14
Тренинг немесе мен қалай оқуымды бітіре алмадым?
12 қазан, 12:08
Желідегі маркетинг шаң қаптырмасын
08 қазан, 14:52
Арқа (әңгіме)
28 қыркүйек, 12:39
Таңдаулы оқулықтар ғана аударылады
28 қыркүйек, 12:14
Ең басты мәселе – өңірлік және жаһандық қауіпсіздік
24 қыркүйек, 11:25
«Тозақ отынан» оралған әйел
21 қыркүйек, 11:17
"Чайка" жігіттер