jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Головкинге Альвареспен кездесуден бас тарту ұсынылды

14 қантар, 19:25
106

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) командалары арасындағы келіссөздерге қатысты Boxingnews24.com журналисі Шон Джонс пікір білдірді.

Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

“Боксшының қарсыласының командасы тиімсіз шарт ұсынса, кейде Головкин секілді боксшыларға одан әрі жылжу керек. Мұндай кезде басқа бағытты таңдаған жөн.
WBO чемпионы Сондерс егер “Канеломен” реванш 5 мамырда өтпейтін болса, Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін айтты. Головкин онымен кездесіп, жеңіске жетсе, 160 фунт салмақтағы төрт белбеуді де иеленеді. Қазіргі таңда “Канело” — GGG реваншы өте ме, жоқ па, ол белгісіз болып тұр”, — деп жазды журналист.Сондай-ақ, Шон Джонс бұл жекпе-жек өткен күннің өзінде “Канелоның” дегені болатынын айтты. Себебі ол көп ақша алады.
“Егер боксшылар кездесуді кейінге қалдырып, бірі басқа боксшыдан жеңіліп қалатын болса, бұл жекпе-жек ешқашан өтпеуі де мүмкін.

Сонымен қатар, келісімшартта Головкин үшін реванш өткізу мүмкіндігі қарастырылмайды. Ол ұтылған белбеулерін қайтара алмайды. “Канело” Головкинмен үшінші рет кездескенше, қомақты ақша әкелетін басқа біреумен жұдырықтасады”, — дейді журналист.

Stan.kz

18 маусым, 11:45
"Жалбаңдап жан баққанша, қайыр сұрағаным артық"
14 маусым, 18:55
Жауһардан да қымбат қазан
14 маусым, 18:47
Мүсіреповке муза болған актриса қарттар үйін паналап жүр
25 мамыр, 11:59
Қазақ қыздарына қайран қалмаймын
18 мамыр, 12:37
Ашаршылық ақтаңдақтары
18 мамыр, 12:20
Банк борышкердің құқығын ескермейді
11 мамыр, 11:35
Тағылымды тауарих
11 мамыр, 11:25
Шүкір, банкке қарызбын!