Шымкенттегі тойда 21 млн теңгенің торты əзірленді (видео)

13 қаңтар в 23:25 601 рет оқылды

Шымкентте үйлену тойына салмағы 1,5 тонналық торты əзірленген.

Зәулім сарай пішініндегі алып тортты Ресейдің әйгілі кондитері Ренат Агзамов әзірлеген. Rixos Khadisha Shymkent қонақүйінде ұйымдастырылған тойға дайындалған тортты көріп, белгілі асаба Тұрсынбек Қабатовтың өзі таңғалды. Ол Youtobe әлеуметтік желісіне тараған видеода «Бұл деген супер. Не деген торт мынау. Мынаның ішінде тұруға болады ғой, тіпті», — деп таңданысын жасыра алмады.

Торттың авторы өз парақшасында жаңа туындысының диаметрі 3 метр, ал биіктігі 4,2 метр екенін жазады. Сарай пішініндегі тәтті нанның ішінде күйме мен ерлі зайыптылардың бейнесі жылжып жүреді. Ол өзінің көмекшілерімен бірге тортты үш күн жасапты. Ал, ресми сайтында торттың келісі 2500 рубль тұратынын жазған. Яғни оның құны 21 млн 642 мың теңге немесе 52 мың 600 еуро болатыны белгілі болды.

Реализовали сложнейший международный проект🔥 диаметр торта 3 метра, высота 4,2 ( с тележкой) . Вес около 1500кг. С такими размерами доставить заготовки в другую страну — это ОЧЕНЬ сложно ! Но мы справились, потому что у нас самая сильная команда профессионалов в мире!🔥🔥🔥 Перед вывозом торта в зал — ровно 3 суток без сна, но результат того стоит! Благодарю свою команду за мощный рывок в космос 🚀 Просто ценю и уважаю каждого😘❤️. Благодарю принимающую сторону за очень тёплый и душевный прием🙏! Как приятно работать, когда тебя любят, ценят и уважают😘❤️. Ну и самое главное — счастья молодым и благополучия 🙏🙏❤️.

Публикация от RENAT AGZAMOV (@renat_agzamov)

ҚазАқпарат

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар