jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Өгей әкесі мұрнын тістеген кішкентай қыздың ісіне қатысты жаңа дерек

13 қантар, 17:07
251

Алматы облысында үш жасар қызды қорлау оқиғасына қатысты іс қозғауға негіз болған қылмыстық бап өзгертілді.

Өгей әкесі тістеп тастаған қыздың суреті әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Жазба авторының сөзіне сүйенсек, ер адам өгей қызының мұрнын тістеп, жұлып алыпты. Зардап шеккен бүлдіршін жиырма күндей дәрігерлердің қарауында болған.

Полиция түсіндіргендей, қыздың анасы Талғар АІІБ-не 2017 жылдың 25 желтоқсанында арыз берген, соған сәйкес ҚР ҚК 107-бабы бойынша (Адам денсаулығына қасақана орташа зиян келтіру) қылмыстық іс қозғалған. Алайда 12 қаңтарда қылмыстық бап 106-шы (Адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру) болып өзгертілгені белгілі болды.

«Талғар АІІБ қызметкерлері оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Оның үстіне қоғамның назарына ілінгендіктен, облыстық департамент те істі ерекше бақылауына алды», — деп хабарлады Алматы облысы ішкі істер департаменті ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Полиция сот-медициналық сараптаманың нәтижесін күтіп отыр. Тергеу барысында бұрын ұрлық жасап, әйелді зорламақ болғаны үшін сотталған күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде «Міндетті түрде келу» таңдалды.

Sputniknews.kz

14 желтоқсан, 11:54
Жадымыздасың, Желтоқсан!
07 желтоқсан, 13:04
Ыдырыс Мұстамбайұлы
07 желтоқсан, 12:58
Кебенекті біліесіз бе?
07 желтоқсан, 12:54
Әзірге ұсыныс
07 желтоқсан, 11:39
Дуа мен дауа немесе Айтолқынның айласы
30 қараша, 12:29
Құзорда - Баласағұн
30 қараша, 12:22
Шанақтан шыққан шатақ
29 қараша, 15:06
Bitcoin құнсызданып барады