jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қытайдағы қазақ қызының өліміне қатысты жаңа дерек

13 қантар, 15:01
447

Қазақстандық студент қыз Қытайда досының үйінде 14 қабаттан құлап қаза тапты, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Дипломатиялық ведомствоның мәліметіне сүйенсек, оқиға 1 желтоқсанда болыпты. Он сегіз жастағы студент қыз құрбысымен бірге пәкістандық досының үйінде қонақта болады. Бойжеткен 14-қабаттағы пәтер терезесінен құлап қаза тапқан.

«Оқиғадан кейін бірден тергеу ісі басталған. Пәкістанның екі азаматы қамауға алынды. Біреуі әлі түрмеде отыр, ал екіншісі елден кетпеу туралы қолхат беріп босатылған. Қазір тергеу әлі жүріп жатыр. Басқа мәлімет берілген жоқ», — деп хабарлады Жайнақов.

Қаза тапқан қыздың құрбысы да Қазақстан азаматы екен, екеуі Сучжоу қаласындағы университетте оқиды.

«Шанхайдағы бас консулдығымыздың дипломаттары оқиғаны ести сала, туған-туыстарымен хабарласып, болған жайтты жеткізді. Бойжеткеннің мәйітін Қазақстанға жеткізу үшін көмектесті. Қазақстандық дипломаттар мәселені ерекше бақылауда ұстап отыр. Қыздың туыстарына жергілікті адвокат жалданды. Ата-анасы тергеудің аяқталуын күтуде», — дейді Жайнақов.

Марқұмның мәйіті Қазақстанға 25 желтоқсанда жеткізілді.

21 қыркүйек, 11:17
"Чайка" жігіттер
14 қыркүйек, 17:06
Құжат мақұлданды
14 қыркүйек, 16:54
Ертегіші қыз
14 қыркүйек, 16:46
Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілінің жаңа белесі
31 тамыз, 12:05
Түйткілді дипломатиялық жолмен шешу керек
24 тамыз, 12:21
Ұлы тұлғалармен сұхбат
24 тамыз, 12:03
Қаңғыбас бала қайдан шығады?
24 тамыз, 11:56
Баукеспе