jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қытайда асық ойыны үйретілуде

13 қантар, 10:19
64

12 қаңтарда ҚХР-дың Ганьсу өлкесі Ақсай-қазақ автономиялық ауданында қазақтың асық ату ұлттық ойынын үйрету курсы ашылды.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне аталған аймақтың «Армантау» мәдени бірлестігінің жетекшісі Марқаба Мәлікұлы хабарлады. «ҚХР-дың Ганьсу өлкесі Ақсай-қазақ автономиялық ауданындағы «Армантау» мәдени бірлестігі (www.armantaw.com) жергілікті Мәдениет және спорт жөніндегі орталықпен бірлесе отырып асық атуды үйрету курсын ашты. Қазақ ойынының осы түрін кеңінен тарату Қытайдағы Уичат (WeChat мессенджері) желісі арқылы жүргізіледі», — деді ол. Салтанатты ашылу рәсіміне автономиялық ауданның басшылығы және 500 қыз бен ұл қатысты. Еске сала кетсек, Ақсай-қазақ автономиялық ауданында 3 мыңға жуық қазақ мекендейді, ал Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде бір миллионнан астам қазақ диаспорасы тұрады.

18 маусым, 11:45
"Жалбаңдап жан баққанша, қайыр сұрағаным артық"
14 маусым, 18:55
Жауһардан да қымбат қазан
14 маусым, 18:47
Мүсіреповке муза болған актриса қарттар үйін паналап жүр
25 мамыр, 11:59
Қазақ қыздарына қайран қалмаймын
18 мамыр, 12:37
Ашаршылық ақтаңдақтары
18 мамыр, 12:20
Банк борышкердің құқығын ескермейді
11 мамыр, 11:35
Тағылымды тауарих
11 мамыр, 11:25
Шүкір, банкке қарызбын!