jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

И.Ильин Олимпиада медальдарын қайтарғысы келеді

13 қантар, 13:21
95

Илья Ильин бұл жолы жанкүйерлердің алдында штангасыз шығып отыр. Әлемнің 4 дүркін чемпионы өткізген семинар «Жетістіктің 7 кілті» деп аталады. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлайды. 

Атауы позитивті болғанымен, өткен күндердің естеліктері де қозғалды. Токио олимпиадасына қатысу туралы чемпион әлі нақты шешпеген. Дегенмен дайындық қызу. Айтпақшы, Илья олимпиада медальдары қайтадан өзіне берілуі мүмкін екенін жоққа шығармады. Илья Ильин, ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы: Бұл менің жеке ойым. Өзіме солай елестейді де тұрады. Егер менің осындай ойым болса, демек кішкентай болсын мүмкіндік те бар деген сөз. Бірақ мен әзірге мұны талқылауға дайын емеспін. Дмитрий Рейхерд Америкада өткен әлем кубогында күміс медаль еншіледі. Қазақстандық шаңғышы алдына тек канадалық Микаэль Кингсбериді жіберген. Үшінші орынға австралиялық спортшы жайғасты. Бұл спортшының осы деңгейдегі екінші жеңісі. Астанада хоккей жұлдыздарының апталығы жалғасып жатыр. Ауа райы қолайсыздығынан кейінге қалдырыла ма деген күмән болғанымен, «Батыс» және «Шығыс» арасындағы теке тірес өз деңгейінде өтті. Ойын 7:3 есебімен аяқталды. Жеңіс «Батыс» еншісінде. «Дакарда» «Астана» командасының ойыншысы Максим Антимиров сәтсіздік салдарынан квадрациклін бүлдіріп, аяғын қайырып алды. Осының салдарынан ол, келесі кезеңге бара алмады. Құрама Боливияға Максимсіз кетті. Дмитрий Шилов 14-ші болып мәре сызығын кесіп өткен. Бір қызығы «Iveco» жарысында Артур Шилов та осындай нәтиже көрсеткен.

 

14 қыркүйек, 17:06
Құжат мақұлданды
14 қыркүйек, 16:54
Ертегіші қыз
14 қыркүйек, 16:46
Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілінің жаңа белесі
31 тамыз, 12:05
Түйткілді дипломатиялық жолмен шешу керек
24 тамыз, 12:21
Ұлы тұлғалармен сұхбат
24 тамыз, 12:03
Қаңғыбас бала қайдан шығады?
24 тамыз, 11:56
Баукеспе
24 тамыз, 11:45
Тағдырмен тайталас