jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Елбасы мен Трамп кездесуінде қандай мәселелер қозғалады?

13 қантар, 15:34
108

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Санат Көшкінбаев ҚазАқпарат тілшісіне Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамптың АҚШ-тағы келіссөздері кезінде қандай мәселелер қозғалуы мүмкін екенін айтты.

«Мұнда біздің АҚШ-пен ынтымақтастықты кеңейтілген стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеруді мақсат ететініміз жайлы сөз болып отыр. Құрама Штаттар — біздің бұрыннан, еліміз тәуелсіздігін алған кезден бергі стратегиялық әріптесіміз. Айтпақшы, қаңтарда екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 26 жылдығы аталып өтеді. АҚШ — Қазақстанның ірі сауда-экономикалық, инвестициялық әріптесі. Саяси тұрғыдан біз өңірлік және жаһандық қауіпсіздік мәселелерін қозғау және шешу бойынша ынтымақтасып келеміз. Атап айтқанда, Ауғанстан мәселесі келіссөздердің ең маңыздысы болады, бұдан басқа Сирия мәселесі де бар. Ресеймен қарым-қатынастар АҚШ-тың еуразиялық стратегиясы аясында талқыланады», — деді Санат Көшкінбаев. Сарапшының сөзіне қарағанда, келіссөздер кезінде АҚШ пен Қазақстан тек сауда-экономикалық ынтымақтастық емес, қауіпсіздік саласына қатысты мәселелерді де талқылау мүмкіндігіне ие. «Әрине ядролық қаруға қарсы аспект тұрақты назарда болады, өйткені АҚШ әкімшілігі Қазақстанның ядролық қаруын таратпау саласындағы көшбасшылығын үнемі жоғары бағалап келеді. Оның үстіне Корея түбегіндегі оқиғалар келіссөздерде осы мәселені қозғаудың өзектілігін арттыра түседі», — деді ол. Сондай-ақ Санат Көшкінбаев Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі отырысына қатысуы туралы айтты. Оның сөзіне қарағанда, бұл Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне қаңтардағы төрағалығы кезеңіндегі оқиғалардың шарықтау шегі болмақ. «Бұл дебаттар ядролық таратпау сияқты мәселесіне арналуы керек. Сіздер Қазақстанның 1990 жылдары өзін ядролық қарусыздану жөніндегі жаһандық қозғалыстың көшбасшыларының бірі ретінде көрсеткендігін білесіздер. Біз ұйымның шетелдік серіктестерінің жоғары бағасын алдық және олардың қолдауына ие болдық. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның жоғарыдағыдай бастамалармен шығуына моральдық құқы бар. Айта кететін мәселе, дебатқа БҰҰ-ның Бас хатшысы Антонио Гуттериш қатысуы керек»,-деді ҚСЗИ төрағасының орынбасары. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығының аясында өтетін маңызды шаралардың бірі ретінде Санат Көшкінбаев өзара әрекет ету, қауіпсіздік пен дамудың үлгісі ретінде Орталық Азия мен Ауғанстанда өңірлік серіктестік құру мәселесіне арналған дебатты атады. Ол сөзінде аталған дебаттардың мақсаты зор екенін атап өтті. Себебі онда Ауғанстанды экономикалық және сауда байланыстарына тарта отырып, сауықтыру және осы әрекет арқылы аталмыш елді өңірдегі көршілері үшін ашық әрі прагматикалық ету мәселесі қаралады. «Бұл бастаманы ауған тарапы қолдап отыр және оны өте нәтижелі шара деп есептейді»,-деді ол.

14 желтоқсан, 11:54
Жадымыздасың, Желтоқсан!
07 желтоқсан, 13:04
Ыдырыс Мұстамбайұлы
07 желтоқсан, 12:58
Кебенекті біліесіз бе?
07 желтоқсан, 12:54
Әзірге ұсыныс
07 желтоқсан, 11:39
Дуа мен дауа немесе Айтолқынның айласы
30 қараша, 12:29
Құзорда - Баласағұн
30 қараша, 12:22
Шанақтан шыққан шатақ
29 қараша, 15:06
Bitcoin құнсызданып барады