jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Атырау әкімі қала тұрғындарынан кешірім сұрады

13 қантар, 16:52
119

Атырау әкімі қол астында жұмыс істегендердің сыбайлас жемқорлықпен айналысқандары үшін тұрғындардан кешірім сұрады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау әкімдігінің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

«Орайы келгенде айта кету керек, соңғы кездерде БАҚ мен әлеуметтік желілерде екі бірдей коммуналдық қызмет көрсету мекемелері басшылары мен қалалық ТҮКШ бөлім басшысының орынбасары қамауға алынғандығы туралы ақпарат қызу талқыға түсуде. Қазір бұл азаматтардың барлығы қамауға алынып, сот процесін күтуде. Олардың кінәлілік деңгейін сот анықтайды. Айта кету керек, коммуналдық қызмет қөрсету саласындағы басшылық қызметте болған бұл азаматтардың жауапкершілікке тартылуы мені қатты қынжылтты. Қала басшысы ретінде мен бұл жағдайлардың орын алғаны үшін тұрғындардан кешірім сұраймын! Біз өз қатарларымызда жемқорлықпен күресті үдетіп, абыройымызды нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеу үшін барымызды салатын боламыз!», — деп келтірді баспасөз қызметі әлеуметтік желіде әкім Серік Шапкеновтің сөзін. Сонымен қатар, ол бүгінде қалада орталықтырылған жылыту жүйесімен жабдықталған 977 көпқабатты тұрғын үйдің бар екенін айтты. Автономды режимде Балықшы және Нұрсая мөлтек аудандарды ғана жылытылады. Биылғы жылыту науқанында атап айтарлықтай ірі апат орын алған жоқ. Жалпы кішігірім орын алған апаттарды ПИК-і жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізіп отырды. Соңғы қүндері қардың қалың түсуіне байланысты қала бойынша 28 жуық арнайы техника күні-түні тынбастан қаланың көшелерін ақ ұлпадан тазарту жұмыстарына жұмылдырылды. Егер тазалау жұмыстарына қатысты ұсыныстарыңыз, назарлықтарыңыз болса Telegram мессенджеріндегі «Акимат Атырауской области» чаты арқылы жолдауыңызға болады. Бұған қоса смартфондарыңызбен «Атырау Цифрлық Қабылдау» қосымшасы арқылы да байланысқа шығуыңызға толық мүмкіндік бар.

14 желтоқсан, 11:54
Жадымыздасың, Желтоқсан!
07 желтоқсан, 13:04
Ыдырыс Мұстамбайұлы
07 желтоқсан, 12:58
Кебенекті біліесіз бе?
07 желтоқсан, 12:54
Әзірге ұсыныс
07 желтоқсан, 11:39
Дуа мен дауа немесе Айтолқынның айласы
30 қараша, 12:29
Құзорда - Баласағұн
30 қараша, 12:22
Шанақтан шыққан шатақ
29 қараша, 15:06
Bitcoin құнсызданып барады