jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Анасы 13 жастағы қызының пәктігін сатып ақша таппақ болған

13 қантар, 14:38
749

Ресейдің Челябинск облысының тұрғыны Ирина Гладких өзінің 13 жастағы қызының пәктігін сатып, ақша таппақ болған. Әйелге қызының пәктігін сатып алатын адамды табуға құрбысы көмектескен.

Анасы қызының пәктігін 1,5 млн рубльге (8 745 000 теңге) бағалаған. Ол клиент тапқаннан кейін, құрбысымен бірге Мәскеуге аттанған. Клиентпен кездесу дәмханада өткен. Ирина өзімен бірге қызының пәктігін дәлелдейтін медициналық анықтамаларды ала келіпті.

Қуанышқа орай, «клиент» полиция қызметкері болып шыққан. Екі әйел ақшаны алғаннан кейін бірден тұтқындалған. Қазіргі уақытта оларды бас бостандығынан айыру туралы мәселе шешіліп жатыр. Ирина мен оның құрбысына кәмелет жасқа толмаған баланы секусалды тұрғыда пайдалану мақсатында сатпақ болды деп күдіктелуде.

Белгілі болғандай, Ирина Гладких – жалғызбасты ана. Ол ресми түрде еш жерде жұмыс істемейді. Нақтыланбаған мәліметтер бойынша, ол жезөкшеліпен айналысқан және қызының пәктігін сатыр алатын адамды өз клиенттерінің арасынан іздеген.

Сонымен қатар бұған дейін Иринаның өз қызын шетелдік азаматқа сатып жібермек болғаны анықталды. Алайда олар бағаға келіспей қалыпты.

Ендігі тұтқындалғандар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Stan.kz

14 желтоқсан, 11:54
Жадымыздасың, Желтоқсан!
07 желтоқсан, 13:04
Ыдырыс Мұстамбайұлы
07 желтоқсан, 12:58
Кебенекті біліесіз бе?
07 желтоқсан, 12:54
Әзірге ұсыныс
07 желтоқсан, 11:39
Дуа мен дауа немесе Айтолқынның айласы
30 қараша, 12:29
Құзорда - Баласағұн
30 қараша, 12:22
Шанақтан шыққан шатақ
29 қараша, 15:06
Bitcoin құнсызданып барады