jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Тойда өлтірілген жігіттің туыстары сот үкімімен келіспей шу шығарды (видео)

12 қантар, 15:03
495

2016 жылдың желтоқсанында 37 жастағы Бахадүр Файзиевті өлтіріп кеткендерге қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы TVK арнасына сілтеме жасап stan.kz хабарлады.

Оның өліміне ағайынды Әбеновтер мен Бақытжан Қошқаров кінәлі деп танылған еді.

2016 жылдың 25 желтоқсанында Бахадүр Файзиев Мақтараарал ауданы Дархан ауылына досының той алдындағы көңіл-көтеру жиынына келді. Қалыңдықты апарғаннан кеін, Файзиев Әбеновтердің бірімен сөзге келіп қалған.

“Олардың келіспей қалуына 2013 жылдан бері Әбенов пен Файзиевтердің отбасы арасындағы дау себеп болған. Нәтижесінде, екеуі төбелесіп, Файзиев бірнеше жерден пышақ жарақатын алып, көп қан жоғалтып алды”, – деді мамандандырылған ауданаралық соты.

Оқиға болған күні Шавкат Әбенов ұсталды. 2017 жылдың 9 тамызында Расул Әбенов пен Бақытжан Қошқаровты тұтқындау туралы шешім шықты. Тергеу нәтижесінде, Ағайынды Әбеновтердің тойда кісі өлтіргені дәлелденді. Бақытжан Қошқаровтың кінәсі толық дәлелденбегендіктен сот залынан босатылды.

“Шавкат пен Расул Әбеновтер 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталғандар зардап шеккен тарапқа моральдық зиян келтіргені үшін – 3 млн теңге, материалдық шығын келтіргені үшін – 2 млн. 429 мың теңге көлемінде ақы төлеуге міндеттелді. Бақытжан Қошқаров кінәсіз деп танылып, сот залынан босатылды”, -деді сот.

Сот аяқталысымен қайтыс болған Бахадүр Файзиевтің туыстары сот шешіміне қанағаттанбай, кінәлілер жеңіл жазамен құтылып кетті деп дау шығарды. Енді олар сот шешіміне қайтадан арызданбақшы.

14 қыркүйек, 17:06
Құжат мақұлданды
14 қыркүйек, 16:54
Ертегіші қыз
14 қыркүйек, 16:46
Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілінің жаңа белесі
31 тамыз, 12:05
Түйткілді дипломатиялық жолмен шешу керек
24 тамыз, 12:21
Ұлы тұлғалармен сұхбат
24 тамыз, 12:03
Қаңғыбас бала қайдан шығады?
24 тамыз, 11:56
Баукеспе
24 тамыз, 11:45
Тағдырмен тайталас