jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Тазалыққа бөлінген ақша қайда?

12 қантар, 21:57
91

Атыраудың тазалығына жауапты басшы ақша жеді деген күдікке ілінді. Атырауда қазынаның қаржысын қалтаға басып, мүлкін талан-таражға салатындар қатары көбейіп жатыр. Бұл жолы «Арнаулы автобаза» мемлекеттік мекемесінің басшысы ұсталды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. 

Оның қанша қаржыны қолды етіп, қандай мүліктерді иеленгені туралы құзырлы орындар әзірге тіс жармай отыр. Тек белгілісі, 2 айға қамауға алынған 50 жастағы Самат Тұрниязовқа өзінің қызметтік өкілеттілігін пайдаланып, аса ірі көлемдегі бюджет ақшасын жымқырды және талан-таражға салды деген айып тағылып отыр. Қала мен оның айналасындағы елді мекендердің тазалығына, яғни қоқысын көлікпен жинап алуға жауапты мекеменің басшысы болып Самат Тұрниязов 2016 жылы тағайындалған еді.

21 қыркүйек, 11:17
"Чайка" жігіттер
14 қыркүйек, 17:06
Құжат мақұлданды
14 қыркүйек, 16:54
Ертегіші қыз
14 қыркүйек, 16:46
Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілінің жаңа белесі
31 тамыз, 12:05
Түйткілді дипломатиялық жолмен шешу керек
24 тамыз, 12:21
Ұлы тұлғалармен сұхбат
24 тамыз, 12:03
Қаңғыбас бала қайдан шығады?
24 тамыз, 11:56
Баукеспе