jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Рудный әкіміне орынбасары пара алғаны үшін сөгіс берілді

12 қантар, 13:44
58

Рудный әкімінің орынбасары Мақсұт Досполовтың 15 миллион теңге пара алғаны дәлелденген соң қала басшысы Бақытжан Ғаязовқа сөгіс берілді, деп жазды «Костанайские новости».

«Қазір мемлекеттік органның басшысы қарамағындағы адам ауыр жемқорлық қылмысын жасаса, қызметінен босатылуы тиіс дейтін норма жоқ. Дегенмен мұндай фактіге міндетті түрде баға беріледі «, — деп түсіндірді мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ерлан Салықбаев.
2017 жылы департамент 27 мемлекеттік орган мен 12 ұйымдағы жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіп, 160 заң бұзушылықты жойды. 55 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның көбісі полиция қызметкері. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары санаттарында пара алу және қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалану бірінші орында тұр.

sputniknews.kz

14 қыркүйек, 17:06
Құжат мақұлданды
14 қыркүйек, 16:54
Ертегіші қыз
14 қыркүйек, 16:46
Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілінің жаңа белесі
31 тамыз, 12:05
Түйткілді дипломатиялық жолмен шешу керек
24 тамыз, 12:21
Ұлы тұлғалармен сұхбат
24 тамыз, 12:03
Қаңғыбас бала қайдан шығады?
24 тамыз, 11:56
Баукеспе
24 тамыз, 11:45
Тағдырмен тайталас