jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ірі көлемде қаражат жымқырған аурухана қызметкерлері қамауға алынды

12 қантар, 12:17
83

Ұзынкөл аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері мен есепшілері мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдарына сүйенсек, 2013-2016 жылдар аралығында Ұзынкөл аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері К.Ержанова, бас есепші Ә.Жақантаева және есепші-кассир Л.Дабаева кассада қолма-қол ақшаның барын біліп, оны аурухана жарғысынан тыс мақсаттарға жұмсаған. «Олар тиісті құжаттарды жасамай, заңды айналып өтіп, аса ірі мөлшердегі қаражатты өздерінің қажеттіліктеріне жұмсаған. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 9 660 808 теңгені құрады. Аталған экс-қызметкерлерге қатысты ҚР ҚК 176 бабы, 4 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот талқылауы барысында үшеуі де тағылған айыпты жоққа шығарды», — деп мәлімдеді облыстық соттың баспасөз хатшысы Индира Құсайынова. Ұзынкөл аудандық сотының үкімімен айыпталушылар кінәлі деп танылды. Оларға 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

14 қыркүйек, 17:06
Құжат мақұлданды
14 қыркүйек, 16:54
Ертегіші қыз
14 қыркүйек, 16:46
Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілінің жаңа белесі
31 тамыз, 12:05
Түйткілді дипломатиялық жолмен шешу керек
24 тамыз, 12:21
Ұлы тұлғалармен сұхбат
24 тамыз, 12:03
Қаңғыбас бала қайдан шығады?
24 тамыз, 11:56
Баукеспе
24 тамыз, 11:45
Тағдырмен тайталас