jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Боранда жоғалып кеткен ауыл мұғалімінің денесі табылды

12 қантар, 17:38
170

Солтүстік Қазақстан облысының Уәлихан ауданында жоғалып кеткен мұғалім өлі күйінде табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жасы жиырмаға енді ілінген жігітті полиция мен төтенже жағдай, әкімдік қызметкерлері бір тәулік бойы іздеген. Аудандық ІІБ бастығы Марат Әлжановтың айтуына қарағанда, құрамына еріктілер қосылған іздеу тобы жақын маңдағы ауылдардың барлығын тексерген. Ақмола облысының Ішкі істер департаментіне хабар берілген. «Жоғалып кеткен Береке ауылының 20 жастағы тұрғыны өз аулынан 10 шақырым жерден табылды. Мәйітте дене жарақаты жоқ. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жөнелтілді», — деп хабарлады СҚО ІІД баспасөз қызметінен. Береке ауылында тұратын мұғалім күндіз үйінен мектепке шығып, із-түзсіз кеткені туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Бейсенбі күні аталған ауданда қатты жел тұрып, боран соққан еді.

14 желтоқсан, 11:54
Жадымыздасың, Желтоқсан!
07 желтоқсан, 13:04
Ыдырыс Мұстамбайұлы
07 желтоқсан, 12:58
Кебенекті біліесіз бе?
07 желтоқсан, 12:54
Әзірге ұсыныс
07 желтоқсан, 11:39
Дуа мен дауа немесе Айтолқынның айласы
30 қараша, 12:29
Құзорда - Баласағұн
30 қараша, 12:22
Шанақтан шыққан шатақ
29 қараша, 15:06
Bitcoin құнсызданып барады