jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ауыз суға зар болған тұрғындар қар суын ішіп отыр

12 қантар, 10:59
80

Ауыз суға зар болған тұрғындар қар суын ішіп отыр. Ақтөбеде қаланың тап түбінде тұратын саяжай тұрғындарының айтуынша, күнделікті тіршілікке пайданаланатын суды қар болмай қалған күндері алты шақырым жерден тасып ішуге мәжбүр. Он төрт жылдан бері жағдайларын айтып шаршаған тұрғындардың жергілікті әкімдікке өкпелері қара қазандай. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Бақыт Боранбаева күнде таңертең тұра сала бос ыдыстарға су тасып, толтырып қоямын дейді. Бақыттың айтып тұрған ауыз суы кәдімгі үйінде ағып тұрған кранның таза суы емес, керісінше даладағы аспаннан жауған қардың суы.

БАҚЫТ БОРАНБАЕВА, тұрғын:

— Бөшкеге жарты су құямын сосын үстіне екі шелегім бар сол екі шелекпен таза қарды огородтан салып алып әкеліп үстіне саламын. Сосын ерітеміз. Сосын ауыз су ретінде пайдаланамыз. Жасаны қарап, халқын ойлап жатқан адам жоқ. Үкіметтен. Шындығын айтайын мен үкіметке.

Жиырма бірінші ғасырда ауыз судың зардабын мықтап тартып отырған кейбір ақтөбелік тұрғындар міне осылай жаңа түскен қарды жинап, үйлеріне апарып ерітеді. Қар суының адам денсаулығына зиян екенін біле тұра пайдаланады. Өйткені басқа амалдары жоқ.

Ал дәрігерлер қар суын тұтынуға, қар суымен жуынуға болмайды дейді. Өйткені қардың химиялық құрамында азот, күкірт қосылыстары, темір, сынап және хром болады екен. Ал аммиак азоттың қосындысы теріні және шырышты қабықты тітіркендіреді. Еріген қар суымен жуса, тіпті адамның шашы түсіп қалуы да мүмкін. Ал қар суын ұзақ уақыт қолдану ауыз қуысының шырышты қабығының және асқазанның күйіп қалуына және улануға әкеп соғады. Ақтөбенің әкімдігі болса қаланың айналасында орналасқан саяжайлар жеке тұрғын үй санатына ауыспайынша су, жол мәселелері шешілмейді деп отыр.

ҰШҚЫН МЫҢБАЕВ, Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы:

— Оның бәріне бюджеттен қаржы бөлу үшін олардың бау- бақша деген нысаннан жеке тұрғын үй деген нысанға ауысулары міндетті. Сол кезде ғана мемлекет тарапынан қаржы бөлінуге мүмкіндік туындайды.

Жалпы қазіргі таңда Ақтөбе қаласы бойынша 400-жуық бау-бақша ұжымында 18 000 мыңдай адам тұрады.

14 желтоқсан, 11:54
Жадымыздасың, Желтоқсан!
07 желтоқсан, 13:04
Ыдырыс Мұстамбайұлы
07 желтоқсан, 12:58
Кебенекті біліесіз бе?
07 желтоқсан, 12:54
Әзірге ұсыныс
07 желтоқсан, 11:39
Дуа мен дауа немесе Айтолқынның айласы
30 қараша, 12:29
Құзорда - Баласағұн
30 қараша, 12:22
Шанақтан шыққан шатақ
29 қараша, 15:06
Bitcoin құнсызданып барады