jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Айгүл Орынбек Баянның кеңсесіне ұры түскені туралы: Мұндай спектакль кімге керегі бар?

12 қантар, 12:55
704

Бүгін танымал продюсер Баян Алагөзованың кеңсесіне ұры түсіп, оның кейбір құжаттарын қолды қылғаны айтылды. Бұл туралы Алагөзованың өзі Instagram-парақшасына жазған болатын. Алайда, шымкенттік заңгер Айгүл Орынбек продюсердің бұл мәлімдемесіне күмәнмен қарайды. Оның пікірінше Баян «ұры түсті» деп, бұған дейін дауға айналып үлгерген «Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» телесериалына қатысты құжаттардың көзін өзі қасақана жойған болуы мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін «Қазақстан» телеарнасынан көрсетілген «Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» телесериалы көпшіліктің сынына ұшыраған болатын. Артынша телеарна басшысы Ерлан Қарин телехикая эфирден қайта көрсетілмейтінін айтты. Ал, жоба авторы Баян Алагөзова болса жобаны түсіруге телеканалдан 54 миллион теңге алғанын, алайда бұл қаражат жетпей қалып, ол өз қалтасынан тағы 13 миллион теңге шығарғанын әлеуметтік желіге жазған еді.

Заңгер Айгүл Орынбек болса телесериалды қаржыландыру ісінде бір шикіліктің бар болуы мүмкін екенін айтып отыр.

«Сөзіне қарасам, сериалға қатысты құжаттар ұрланған сияқты. Ұры ақымақ екен де, Баян ақылды болып тұр ғой. «Ештеңеге тимеген, келіп тексерсеңдер тексере беріңдер, ештеңе таппайсыңдар» депті. Бəрін жойып жіберіп батыр болу қандай күшті, иә?! Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тексеріп барса, сол ұрланған құжатты өзі жердің астынан тауып əкеледі ғой. Мұндай спектакль кімге керегі бар? Əрине, Баянға керек. Себебі 54 миллион теңге оңай ақша емес», – дейді Айгүл Орынбек.

Ол телесериалға кеткен шығындарды түгел жария етуін, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органдары «Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» телесериалына жұмсалған қаражатты тексеруді талап етіп отыр.

Айгүл Орынбек ұрлық болған кеңседе бейнекамера болмауы мүмкін емес деген пікірде. Білдей продюсердің жұмыс орны, барлық құжаттары бақылауда болуы тиіс. Сондықтан, ұрлық болған сәт түсірілген бейнематериал жариялануы тиіс дейді ол.

Дереккөз: Sn.kz

18 маусым, 11:45
"Жалбаңдап жан баққанша, қайыр сұрағаным артық"
14 маусым, 18:55
Жауһардан да қымбат қазан
14 маусым, 18:47
Мүсіреповке муза болған актриса қарттар үйін паналап жүр
25 мамыр, 11:59
Қазақ қыздарына қайран қалмаймын
18 мамыр, 12:37
Ашаршылық ақтаңдақтары
18 мамыр, 12:20
Банк борышкердің құқығын ескермейді
11 мамыр, 11:35
Тағылымды тауарих
11 мамыр, 11:25
Шүкір, банкке қарызбын!