jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Маңғыстау облысында киік атқан Өзбекстан азаматы ұсталды

13 желтоқсан 2017, 14:39
110

Маңғыстау облысы аумағында киікті заңсыз атқан Өзбекстан азаматы ұсталды. Бұл туралы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Фейсбуктегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2017 жылғы 12 желтоқсанда «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК өңірлік филиалының инспекторлары Маңғыстау облысы Бейнеу ауылының Үшқатын елді мекенінде Бейнеу ауылының және Өзбекстан Республикасының азаматын заңсыз киік атқаны үшін құрықтады. Тексеріс барысында 2 бас аналық киік, 12 калибрлі аңшы мылтығы, 6 дана «АЗОТ» маркалы 12 калибрлі оқ және 1 пышақ табылды»,- деп жазды С. Ділдахмет. Аталған іс бойынша Бейнеу аудандық ІІБ-де қылмыстық іс қозғалды. Киіктің аналығын заңсыз атқан үшін 350 АЕК көлемде айыппұл салынады. Браконьерлер табиғатқа 1 588 300 теңге залал келтірген. Бұдан бұрын хабарланғандай, таяуда Батыс Қазақстан облысында «Охотзоопром» инспекторлары заңсыз киік аулаған екі браконьерді қолға түсірді.

 

13 шiлде, 14:43
Әлихан Бөкейхановтың ауылы
13 шiлде, 12:52
Журналистикаға оралуды армандадым
13 шiлде, 12:40
Топырақ иісі немесе қарашығында Қарағандысы қалған ұл
06 шiлде, 12:28
Мұқағали бейнесі әлі есімде
06 шiлде, 12:04
Алтын кеседегі көл "жасы"
06 шiлде, 11:52
Болат найза, немесе Тархан Жәнібек туралы не білеміз?
02 шiлде, 11:01
Мыс шаһардың бүгіні мен ертеңі
29 маусым, 11:38
Мойыл терген қыз, мойымай өткен ана