Депутат: шахтерлердің жалақысын көтеру керек

13 желтоқсан в 15:03 78 рет оқылды

Мәжіліс депутаты Бақтияр Мәкен Қарағанды облысындағы шахтерлердің ереуіліне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Бұл мәселе бүгін ғана емес, көптен көтеріліп жүрген мәселе. Осыдан 3-4 жыл бұрын да көтерілген. Комиссия қарастырып, «АрселорМиттал Теміртау», басқа да компаниялар бірлесіп, мәселені қарастыруға мүмкіндіктері бар деген ойдамын» – деген пікірін білдірді депутат БАҚ өкілдеріне.

«Шахтерлардың жалақысын көтеру керек пе?» деген сұраққа Бақтияр Мәкен:
«Иә, менің ойымша, жалақысын көтеру керек. Бір құзырлы адам ғана емес, арнайы комиссия арқылы, әкімшілік, үкімет болып мәселені қарастыру керек деп ойлаймын», — деп жауап берді.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментіне қарасты төрт шахтаның 200-ге жуық жұмысшысы 11 желтоқсанда түнгі ауысымнан кейін жер астынан шығудан бас тартады. Олар бірнеше талап қойды, оның ішінде еңбекақыны жүз пайыз өсіру және зейнет жасын төмендету талабы бар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 12 желтоқсанда сегіз шахтада 684 адам болғанын хабарлады. Жергілікті билік пен компания өкілдері шахтерлермен келіссөздер жүргізіп жатыр. Бүгін таңғы сегіздегі жағдай бойынша жер астынан 154 адам шықты.

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар